Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Оңтүстіктен солтүстікке көшіп келгендерге берілген үйлердің сапасы сын көтермейді

AstanaTV
06.11.2020ж. 20:00
3256
Оңтүстіктен солтүстікке көшіп келгендерге берілген үйлердің сапасы сын көтермейді

Оңтүстіктен солтүстікке "Еңбек" бағдарламасымен көшіп келгендер қыс келмей жатып тоңып отыр. Айтуларынша берілген су жаңа үйлердің сапасы жоқ. Мәселенің бар екенін әкімдіктегілерде мойындайды. Жұмыс іздеп келген бұқара, бейнет кешіп жатқандарын айтып арнамызға шығамданды. Қарашаның жанайқайын аймақтағы әріптесім Абзал Құрманкин тындап келді.  

Алмас Өтеген отбасымен бірге Түркістаннан теріскейге осыдан үш ай бұрын қоныс аударыпты. Еңбек бағдарламасы аясында грант алып, кәсібін дөңгелетуді көздеген. Жас отбасыға Астраханка ауылындағы жаңа үйден баспанада бұйырған. Ай сайын небәрі 5 жарым мың теңгенің шамасында төлеп жүр. Алайда, қара суық келгелі берекесі қашты. Пешті үздіксіз жақпаса, жылыну мүмкін емес дейді.  

Алмас ӨТЕГЕН, АСТРАХАНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Пеш жаққан кезінде 10 градустан әрі көтеріледі. Бірақ өшсе болды, бірден суып кетеді. Утепленка жоқ.Ішінде, сыртында, төбеде де, астында да. Бізді алып келіп, қойып қойды. Біз енді еңбек етеміз бе, әлде осы тамды саламыз ба? Міне қараңыздар балам іште жатыр туалеттің қасында.

Алмастың көршісі Нұрлан Ибраимовтың да жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Ол былтыр көшіп келген. Содан бері қылауы түспеген баспананың жыртығын жамап келе жатқанын жеткізді.  

Нұрлан ИБРАИМОВ, АСТРАХАНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көмір кеше бес шелек түнгі екіге дейін жақтым. Мұндай жағыспен үйдің іші монша болу керек. Жылудың бәрі ауаға кетіп жатыр. 12 куб ағаш алдым, бес тонна көмірге расчет жасадым. Бірақ бұл жағыспен жарты қысқа жете алмаймын мен.

Қоныстанушылар берілген үйлер сапасыз салынған деп отыр. Тіпті үйінді астында қалып қаламыз ба деп те қауіптенеді.

Жалпы, Аққайың ауданында былтыр 32 үй салынды. Жергілікті билік биыл олардың онында кемшіліктер шыққанын растады.

Самат СӘРСЕНБАЕВ, СҚО АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрғындардың су және кәріз жүйелеріне қатысты мәселелері туындады. Оларды шештік. Жаңа пеш орнаттық. Бұл үйлерге мердігер әлі де жауапты. Ертең құрылысшылар келіп, жағдайды бағалайды. Егер тағы олқылықтар табылса, оларды міндетті түрде жояды.


Оңтүстіктен қоныстанғандар жергілікті шенеуніктердің берген уәдені орындауын күтуден басқа амал жоқ. Алайда нәтиже шықпаса, кері қайтуға бекініп отыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Айта кету керек, аймақтағы "Еңбек" бағдарламасының мақсатты жұмыссыздардың санын азайту. Жоба - 2011-ші жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы болып іске қосылды. Былтыр атауы өзгерді. Бағдарлама аясында Аққайың ауданына 52 отбасы көшіп келсе, биыл қоныс аударғандар саны екі есеге азайған.


А. Құрманкин