Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Карантиннен отандық кәсіпкерлердің 40%- ы зардап шекті

AstanaTV
06.11.2020ж. 20:00
1994
Карантиннен отандық кәсіпкерлердің 40%- ы зардап шекті

Карантин салдарынан отандық кәсіпорындардың 40 пайызы жапа шеккен. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы құқықтық кеңес отырысында мәлім болды. Жиынға қатысушылар кәсіпкерлердің жұмысын қайта жандандыруға не кедергі екенін жан-жақты талқылады. Бизнес өкілдерінің құқығын қорғап жүрген Рүстем Жүрсіновтың дерегінше, қазақстандықтардың 32 пайызы осы жеке кәсіппен айналысады. Алайда, қазіргі күні соның дені жұмыссыз. Бизнестің тоқырауға ұшырауына көбіне сатып алушылардың азайғандығы, салықтық міндеттемелер мен мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтағаны себеп, дейді.

Рүстем ЖҮРСІНОВ, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Пандемияның екінші толқыны жүріп жатқандықтан, шектеу шараларына аса мұқият болу керек.


Шағын және орта бизнеске кедергі келтіріп тұрған тағы бір мәселе - микроқаржы ұйымдарының көбеюі. Құқықтық кеңес төрағасы банкттен қарыз алу қолжетімсіз болғандықтан, халық осы микроқаржы ұйымдарына жүгінуге мәжбүр екенін айтты.

Қанат МУСИН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:


Бірақ бұл ақшаның өтемі қалай болады? Кейбір жағдайларда олар ұсынған пайыздық мөлшерлеме 700%- пайызға жетеді! Бұл дегеніміз микроқаржы ұйымдар азаматтардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, оларды қарызға батыруда деген сөз. Сондай-ақ,  алаяқтық жағдайларын да көріп жүрміз. Адамның ЖСН-ін, телефон нөмірін білу арқылы микрокредитті кез-келген адамға іліп қоюға болады. Өтініш білдірушінің жеке басын және кімге несие берілетінін ешкім тексермейді.

А. Мүтәлі