Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда дала құсы қырылып жатыр

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
2025
Атырауда дала құсы қырылып жатыр

Атырауда дала құсы қырылып жатыр. Мамандар, «Ақ Жайық» табиғи резерваты аумағында 80-нен аса құс өлексесін тапқан. Олар, шағала мен суқұзғын болып шықты. Бұл бірінші жағдай емес. Мұның алдында дала құстарының өлексесі "Рыбоходный" арнасының Каспийге құйылатын сағасынан табылыпты. Құстардың неге қырылып жатқанын білу мақсатында арнайы сараптама жүріп жатыр. Болжамның бірнеше түрі бар.

Мереке ШАЛҚАРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 
Өзіміздің тұжырымымыз бойынша, миграция жасау кезінде шаршап, әлсіреп, қалған құстар деп тұжырымға келіп отырмыз әзірше, сараптама қорытындысы шыққанша. Сол аумақта Павлодар өзен  портымен түп тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Соған да байланысты ма деп ойлап, барлық сараптама, су, топырақ, ауа бәрінің сынамалары алынды. Әзірге нақты нақты шешім қабылдай алмай отырмыз.


«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында осыған ұқсас жағдай 2013 жылы да тіркелген. Ол кезде 1200-ден астам құс өлексесі табылған. Негізі Каспий теңізі құс миграциясынң жолында жатыр. Мамандардың айтуынша, теңіз үстімен шамамен 300-ге жуық құс түрі ұшып өтетін көрінеді.

Б. Надирқызы