$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Байқоңыр мектептері әлі күнге ресейлік бағдарламамен оқып жүр

AstanaTV
12.11.2020ж. 20:00
3566
Байқоңыр мектептері әлі күнге ресейлік бағдарламамен оқып жүр

Байқоңыр мектептері әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы байқоңырлықтардың талап-өтінішін бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады. Оның дерегінше, қазір қалада тұратын 77 мыңнан аса халықтың 70%-ы өзіміздің отандастар. Бірақ, олар әлі күнге отандық стандартпен білім беретін мектеп тапшылығын көріп жүр, деді Мұрат Бақтиярұлы.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Олар Қазақстан аумағында туып-өскенімен, өз жерінде тұрып, менің Отаным – Россия, менің астанам – Москва деп, Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқып, әрине ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленеді. Айта өтуіміз керек, біз жерімізді жалға бергенімізбен, сол жерде тұрып жатқан халқымызды жалға берген жоқпыз ғой.

А. Мүтәлі