Шымкенттік төтенше жағдайлар қызметі, елден ерекше құтқару операциясын жүргізді. Жеті құтқарушы жабылып жүріп шұңқырға түсіп кеткен сиырды аман алып қалды. Қамбар ата төлі әжетханаға қазылған шұңқырға түсіп кетіпті. Оны "Нұртас" ықшам ауданы тұрғындары байқап қалған. Өз күштерімен шығара алмағандықтан, төтенше жағдайлар қызметін шақыртқан екен. Шұғыл жеткен жедел құтқару жасағы, сиырды альпенистік құралдар көмегімен алып шықты. Құтқарушылардың айтуынша, малды құтқару операциясы кейінгі күндері көбейіп кеткен. Жыл басынан бері 6 мал осыған ұқсаса жағдайға тап болыпты. Ал, тереңдігі екі метрлік шұңқырға сиырдың қалай түсіп кеткені белгісіз. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда сиыр басқа ауданнан келген болуы керек. Өйткені, жақын маңдағы үйлер бұл малды танымады. Сондықтан, сиырын танып отырған ағайын бар болса, шымкенттік құтқарушыларға хабарласса болады.
Ілияс МЕЙІРБЕКОВ, ШЫМКЕНТ қ. ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Құтқарушы 2 метр тереңдікке сиырға түскен кезде сиырдың әлсіреп уже өлуге айналған жағдайда еді. Егер көршілер дер кезінде шақырмаса сиырдан айрылып қалуда мүмкін еді.
А. Төребекқызы