Пандемия кезінде Атырау билігі миллиондар жұмсап, жол талғамайтын екі көлік сатып алуда. Мұны облыс әкімдігі растады. Ақпарат - мемле кеттік сатып алу порталында тараған еді. Облыстық бюджеттен 20 миллион теңге осы мақсатқа бөлініпті. Сондай-ақ, темір тұлпарлардың түсі міндетті түрде қара болуы шарт. Әрі шенеуніктер зауыттан биыл ғана шыққан автокөлікке тапсырыс берген. Жергілікті әкімдіктің баспасөз хатшысы, су жаңа "КИА спортейдждерді" пандемия басталғанда құрылған шұғыл штабқа арнайы сатып алынды деді.
Ержан ТӨЛЕК, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Бұл көліктер Атырау шұғыл штабының жедел топтарының дайындық деңгейін арттыру үшін сатып алынбақшы. Автокөліктерді сатып алуға облыстық мәслихаттың шешімімен бөлінген. Және де бұл отандық марка.
Атырау облысының әкімдігі ел Президенттінің бір емес, бернеше рет қазына қаржысын үнемдеуге шақырған үндеуін ескердік дейді. Сол үшін отандық автокөлікке тапсырыс бердік деп отыр.
Б. Надирқызы