Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарағанды облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар іріктелді

AstanaTV
16.11.2020ж. 20:00
1677
Қарағанды облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар іріктелді

Қарағанды облысында да Мәжіліс депутаттығына 6 кандидат іріктелді. Дауыс беру бүгін "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс 34-ші конференциясында өтті. Жиынға партия мүшелерінен құралған 150 делегат қатысты. Үміткерлер халықтың жағдайын жақсарту тектіктерін ұсынып, өздерінің сайлау алды бағдарламаларын таныстырды. Партияішілік іріктеу басталғалы депутатыққа облыстан 700-ден астам кандидат ұсынылған. Конференция соңында электронды дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды.

Айгүл ЦАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ДЕЛЕГАТЫ:

Бүгінгі пікірталас өте қызықты болды. Орынды сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Мен жастар саясаты мен аграрлық секторға дауыс бердім, өйткені мен Абай ауданынанмын және ауданның дамығанын қалаймын.

Ғ.Өтемісов