$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысы коронавирустың екінші толқынына дайын

AstanaTV
20.11.2020ж. 20:00
2296
Қостанай облысы коронавирустың екінші толқынына дайын

Қостанай облысы коронавирустың екінші толқынына дайын. Аймақ ақ халаттылары осылай мәлімдеме жасады. Алайда өңірдің эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз. Соңғы тәулікте облыс көлемінде 63 адам індет жұқтырған. Сырқаттанғандар саны 1,4 пайызға артып отыр.

Қостанай облысында сәуір айынан бері  COVID-19-дың 4.5 мың жағдайы  тіркеліп, үш мың төрт жүзден астам адам емделіп шыққан. Індеттің бірінші толқыны дүйім жұртты, дәрігер қауымды дүрбелеңге салғаны рас. Адамға да, маманға да сабақ болды. Енді екінші толқын басталған жағдайда емханада орын, елге қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті. Ең бастысы ешкім оттегі тасымайтын болады. Облыстық аурухананың бас дәрігері осылай сендірді.

Юрий МОИСЕЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қалалық емхана мен облыстық аурухананың үш корпусын дайындап қойдық. Онда оттегі көздері мен сымдарын көбейтіп, көлемін ұлғайттық. Облыс тұрғындарының алаңдауына енді еш негіз жоқ. Орын тапшылығы да болмайды.


Пандемия тұсында жедел-жәрдем қызметі де сынға түсті. Шаһар түгілі шалғайдағы көліктер күн-түні шапқылап, сырқат тасыды. Ендігі меже - екінші толқынды еңсеру. Қостанай облысындағы станцияларға жуықта тағы 50 көлік қосылды. Ковид кезеңіне бейімделген техникада желдеткіш жүйесі, оттегі қоры басқа да заманауи аппарат бар.

Ирина ШТЕЙГЕРВАЛЬД, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

 
Көліктер 23 жерге беріледі. Яғни жедел жәрдем станциясы  бар  елді-мекендердің барлығы реаномобильмен  қамтамасыз етіледі деген сөз. Техника ковид кезеніңіне сәйкес жабдықталған.

Жақында ғана пайдалануға берілген жаңа модульдік ауруханада жүзден астам адам емделіп жатыр. Ковид жұқтырғандардың дені созылмалы дертпен ауыратындар. Инфекциялық орталық 200 науқасқа шақталған. 20 орындық жан сақтау бөлімі мен орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету жүйесі бар. Мұнда 20 күннің ішінде қырық адам жазылып шыққан.

З. Санай