Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздік дертіне шалдыққан

AstanaTV
20.11.2020ж. 20:00
2914
Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздік дертіне шалдыққан

Елімізде балалар арасында семіздік дерті дендеп барады. 9 жасқа дейінгі әрбір бесінші бала бүгінде артық салмақтан зардап шегіп жүр. Ең жоғарғы көрсеткіш емізілмеген бүлдіршіндер арасында көп екен. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің жүргізген жаңа зерттеуінде белгілі болды. Семіздік індеті елге қауіп төндіре ме? Балаға диетаға ұстаған қаншалықты дұрыс? Айя Мүтәлі тарқатады.

Семіздікті дерті бүгінде ересектерді ғана емес, балаларды да жайлаған.  Әлемдік зерттеуге сүйенсек, жер бетіндегі 200 млн бүлдіршін артық салмақтан арыла алмай жүр. Қазақстандық бүлдіршіндер де қалысар емес. Әсіресе, 5 жасқа дейінгі балалар арасында семіздікке шалдыққандары көп. "Бұл мидың баяу дамуына, оқу қабілетінің төмендеуіне және иммунитеттің нашарлауына әкеліп соғады", дейді отандық сарапшылар.

Динара ҚҰСАЙЫН, БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ОТБАСЫН ДАМЫТУ САРАПШЫСЫ:

Семіздік көбіне қалалық балаларда және тұрғын жағдайы жоғары отбасыларда анықталған. Бала көп қимылдамайды. Далаға шығып ойнап, көшеге шығып көп қатынаспайды. Көбінесе үйде отырады немесе басқа жерде отырады. Балалардың қимылы жоқ.
 
Қазіргі балалардың 90 пайызы дұрыс тамақтанбайды екен. Оның үстіне дені смартфонға телміріп, қозғалыссыз отырады. Ал, негізгі себеп, балалардың ана сүтін ембегендігінде. Ана сүтінде баланың ағзасына пайдалы заттар көп. Жасанды тағам болса оның орнын толтырмайды. Фаст-фуд пен фуа-гра да бала асқазанын құртып жүр.

Төрегелді ШАРМАНОВ, ҚАЗАҚ ТАҒАМТАНУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тамақ қимылмен шығу керек. Энергетикалық мүмкіншілік, бір-бірінің арасында сәйкестік болса, сонда ғана денсаулығы жақсарады. Сәйкестік азайса, семіздікке бет бұрса оның денсаулығы нашарлайды. Жүрек, қантамыр аурулары тағы-тағы көрністер көбейе береді.

Дүкендегі тағам да көңіл көншітпейді. Диетолог мамандар, тамақ алғанда мұқият болу керек, деп отыр.

Арай ӘМІРЕ, ДИЕТОЛОГ:

Көбінесе бізде биос, йогурттар түрлі тәтіт шоколадтар барлығының құрамын алып қарайтын болсақ ГМО қоспалар көп. Ол дегеніміз транс майлар. Яғни, арты қант. Аам ағзасына кері әсер ететін.
 
Десе де, бұғанасы қатпаған баланы тамақтан шектеп, диета ұстатуға болмайды. Себебі, енді жетіліп келе жатқан бүлдіршін ет-майды, ақ уыз бен көміртегін талғамына қарай жеуі керек. Уақытында тұтынбаса, бала әлжуаз болып қалады екен.

Арай ӘМІРЕ, ДИЕТОЛОГ:

Балаға ет жеу керек. Күнделікті қуырылмаған тамақтарды, үй жағдайында жасалған тамақтардың барлығын жеуге болады. 3 жасқа дейін баланы дұрыс тамақтандыру керек. Одан кейін ол өзі дұрыстамақтану әдебін алып кетеді.


Өсіп келе жатқан балаға табиғи тағам пайдалы. Әсіресе қазақы құрт-ірімшікке жетеіні жоқ. Балық пен жеміс жидекті де ұмытпағаныңыз жөн. Дәрігерлер кеңесі осы.

А. Мүтәлі