Технология дамыған сайын қарапайым еңбек құралы да түрленіп, күрделеніп келеді. Яғни, заманауи үрдістен қалып қоймас үшін оқу орындарын сұранысқа сай мамандарды дайындау керек. Осы және білім саласына қатысты өзге де мәселелер «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы аймақтық комиссияның отырысында талқыланды. Қатысушылардың айтуынша, білім саласына тиімді өзгерістер енгізіп оқу бағдарламасына жүйелі жоспар енгізу керек.
Бақыт КЕНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жиынымызда үлкен мәселелер талқыланды. Уақыттың, заманның талабына сай мамандықтарды оқыту жөнінде, колледждегі және университеттегі мамандықтардың бір-біріне қайталанбайтындығы және оның әрқайсысының сапалы түрде өтетіндігі жөнінде айтылды.
М. Тоқтасынқызы