Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Шымкентте тарихи ескерткіштер құрып барады

AstanaTV
25.11.2020ж. 20:00
2111
Шымкентте тарихи ескерткіштер құрып барады

Шымкенттегі көне тарихи ескерткіштерді сақтап қалу керек. Бұл мәселе, «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысында көтерілді. 2 200 жылдық тарихы бар Шымшаһарда қазақтың көне тарихынан сыр шертетін ескерткіш көп. Оларда болашақ ұрпаққа аман алып қалу үшін осы күнде біраз шаруа қолға алынған. Соның бірі 16-шы ғасырда пайда болған ескі қорған. Дегенмен кейбір тарихи ғимараттарға тиісті деңгейде көңіл бөлінбеген. Кеңес төрағасы, жазушы, тарихшы Момбек Әбдіәкімұлының айтуынша, 19 ғасырда салынған сарайлардың осы күнде төртеу ғана аман тұрған көрінеді. Қалғаны, қирап қалған. Сол сияқты 20-шы ғасырда бой көтерген кейбір ғимараттарға да қауіп төнген.

Момбек ӘБДІӘКІМҰЛЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ, «MIRAS» АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Жалпы ескі тарихи ескерткіштерді бір көзайым ретінде жұртқа қалдыру біздің міндетіміз. Біздің азаматтық борышымыз тіпті. Өйткені тарихқа оң көзбен қарамай, біз болашаққа жөнді жылжи алмаймыз.

А. Төребекқызы