Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі

Парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетімізді әлемдік деңгейге көтерді. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин халықаралық парламент төрағалары қатысқан конференцияда осылай деді. Ол Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның және оның парламентаризмін қалыптастыру жолындағы теңдессіз рөлін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев елімізді барлық қиындықтан аман алып шығып, ірі саяси, экономикалық әлеуметтік реформалар жасады, деді Мәжіліс спикері.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінде біздің кәсіби Парламент қоғамдық пікірлер мен ашық саясаттың биік орны болумен қатар, мүмкіндігі мол, қуаты мықты, жоғары заң шығарушы органға айналды. Өзіне жүктелген, әрбір міндетті абыроймен атқарып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды қадамдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етіп келеді.

А. Мүтәлі