Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Jas Оtan» жастар қанатының V съезіне Қызылордадан 20 делегат қатысады

AstanaTV
27.11.2020ж. 20:00
2807
«Jas Оtan» жастар қанатының V съезіне Қызылордадан 20 делегат қатысады

«Jas Оtan» жастар қанатының желтоқсанда айына жоспарланған V  съезіне дайындық басталды. Қызылорда облысынан оған 20 делегат сайланды. Қатысушылары есімі, жергілікті филиал өткізген конференция кезінде белгілі болды. Сонымен қатар, жиын барысында атқарылған ауқымды шаралар сараланды. Соның бірі ұйым ішіндегі ықшамдау. Іріктеу нәтижесіне сәйкес, облыстық филиалдағы 13 мың мүшенің 6 мыңы қысқарып қалды. Жиын соңынан «Jas Оtan»-ның 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді.

Әлішер ҚАРДАШЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Біз біргеміз» еріктілер клубы. Бұл жоба аясында 12800 облыс тұрғыны азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және бетпердемен қамтамасыз етті. Осы жұмыстарға барлығы облыс көлемінде 500 ерікті жұмылдырылған болатын. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстарымызды күшейтетін боламыз.


М. Тоқтасынқызы