Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасының салиқалы саясатының арқасында қазақстандықтар бейбіт елде тұрып жатыр - ұстаздар

AstanaTV
27.11.2020ж. 20:00
3742
Елбасының салиқалы саясатының арқасында қазақстандықтар бейбіт елде тұрып жатыр - ұстаздар

Елбасының салиқалы саясатының арқасында, қазақстандықтар бейбіт елде өмір сүруде. Қазақстан-Ресей медициналық университетінің оқытушысы Едіге Ибатовтың пікірі осы. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ел ішіндегі мектептер мен жоғарғы оқу орнындарында «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіле бастады. Онда сарапшылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері ел дамуында кездескен жеті қатерді баяндайды. Шамамен 3 миллионға жуық оқушы мен 700 мыңнан астам студет қамтылмақ. Елбасының өзі «Көшбасшылықтың 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында да, сол қиындықтарға тоқталған болатын. Сол сын-қатерлерді Тұңғыш Президенттің дара саясатының арқасында жеңіп шықтық,- дейді ғалымдар. Соның нәтижиесінде Қазақстан аз уақыттың ішінде экономикасы қарқынды дамыған елдердің қатарына қосылды.

Едіге ИБАТОВ, ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:
 
Тұңғыш Президентіміздің еңбегі өте зор. Менің ойымша қазір біздің Үкімет, Елбасы салған стратегиялық жолмен дамып келе жатыр. Сондай-ақ Тұңғыш Президентіміз үнемі ақыл қосып отыруы да біз үшін маңызды. Сындарлы саясаты үшін Елбасына алғыс білдірем.  

Ә. Лесбек