Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Түркістан облысында туу туралы куәлік берілмей жатыр

AstanaTV
30.11.2020ж. 20:00
2678
Түркістан облысында туу туралы куәлік берілмей жатыр

Түркістан облысында туу туралы куәлік ала алмай жүрген өңір тұрғындары, арнамызға шағымданған еді.  Айтуларынша, тиісті құжатты 3 айдан бері күтіп жүр. Мамандар куәлік жоқ екенін айтқан.

Гүлмира ТӨРЕГЕЛДИЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

5-нші қазан күні босандым қызымды. Содан шыққаннан кейін метіркеге барсақ қағаздарын берді, бірақ әлі дайын болған жоқ деп. Үш рет бардым, үшеуінде де хабарласпады. Себебі, әлі келген жоқ өзіміз хабарласамыз дайын емес деді. Мен айттым: "қалай дайын емес жұрттың бәрі алып кетіп жатырмын ғой метіркені" дедім. Сырты болғанмен, ішіндегі бланкасы келген жоқ әлі бланка жоқ деді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әдетте туу туралы куәлік 2 күнде әрі кетсе 7 жұмыс күннің ішінде берілетінін айтты. Ал, аймақтың жауаптылары мұны туу көрсеткішінің артуымен байланыстырды. Бүгін Әділет министрінен мәселені анықтап көрдік.

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Бұл бізге ғана байланысты емес. Әкімшіліктерден бізге тапсырыс келеді. Осы тапсырыс бойынша біз Ұлттық банк жанындағы жұмыс істейтін типографияға осындай бланктерге тапсырыс береміз. Осы мәселе бойынша қосымша тапсырыс бердік. Бұл мәселе шешілген.

А. Данияр