Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жаңа жылдан бастап жер учаскесін алу жүйесіне өзгерістер енгізілмек

AstanaTV
02.12.2020ж. 20:00
5830
Жаңа жылдан бастап жер учаскесін алу жүйесіне өзгерістер енгізілмек

Келесі жылдан бастап, жеке тұрғын үй салу үшін берілетін жер учаскесін алу жүйесі автоматтандырылмақ. Осылайша, азаматтардың уақытын үнемдеу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Оның дерегінше әр өңірдегі аудандарда 200-ден астам дерекқор бар. Біріңғай кадастрды іске қосу арқылы уақытында деректерді жаңартып отыруға болады - деді. Жер учаскесін алуға өтінішті қазір қолмен жазып, қағаз түрінде өткізіп жүргенін айтты. Мұндай процестер жемқорлыққа жол ашуы  мүмкін екенін алға тартты. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын іске қосу нәтижесінде, азаматтардың жер алуы жеңілдемек. Әрі оларндың өтініштерін қарау процестері қысқармақ.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Жер учаскесінің техникалық сипаттамасы, оның иесі туралы және тағы басқа ақпарат осы екі кадастрда қайталанып тіркеледі. Оларды біріктіру, жер қатынастары бойынша процестерді автоматтандыру, құжаттар саны мен мерзімдерді қысқартуға мүмкіндік береді. Жылдың соңында техникалық жұмыстар аяқталады. Келесі жылы іске қосамыз.


Ә. Өмірзақ