Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Адамы да, малы да бір арықтан су ішіп отыр

AstanaTV
02.12.2020ж. 20:00
2588
Адамы да, малы да бір арықтан су ішіп отыр

«Арықтағы лас суды ішіп, ауру болатын болдық». Бұл Түркістан облысы Ынтымақ елді-мекені тұрғындарының жанайқайы. Редакциямызға хабарласқан ауыл халқы жергілікті шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымданды. Елді-мекеннің құрылғанына 20 жылдан аса уақыт өтсе де, мұнда әлі күнге дейін ауыз су жоқ. Қараша мал ішетін арықтан, су тұтынуға мәжбүр. Алдымен тұрғындардың шағымын тыңдап алайық.

Гүлжаухар БАҚТИЯРҚЫЗЫ, ЫНТЫМАҚ ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Келесі ауылдың арасы жарты сағат. Машинамен, көлікпен барғанның өзінде. Сол жақтан тасып әкелгендер, тасып әкеледі. Көлігі жоқтар, кәдімгі арықтан ағып жатқан суды, таңертең ерте тұрып, тындырып алып ішеді. Ол тазартылмаған су бүйректеріне зиян, басқа да ішек құрт ауруларын тудырады. Тазартылмаған суда, тұз болады. Бүйрек те отырады.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша, қазір бізбен байланысқа Келес ауданы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шырынбеков шығуы керек. Бақытжан Әбдуәліұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Мал ішетін арықтан, адамдар да су ішіп отырмыз дейді. 21-ші ғасырда мұндайды қалай түсіндіре аласыз?

Бақытжан ШЫРЫНБЕКОВ, КЕЛЕС АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ м.а:

Бұл жағдай қазір бақылауда. Қазіргі таңда 2 шақырым жерден Ақтөбе ауылдық округі, Ынтымақ елдімекенінде 2 шақырымдық жерді мембраналық тазартқыш орнатылған. Және жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 2021 жылдың облыстық бюджетіне ұсынылған. Таза ауыз су жүйлерімен қамтамасыз ету, су құбырының тартылысына бюджеттік өтім әзрленген. қазіргі уақытта, 2021 жылдың наурыз айында құрылысының басталуы жоспарлануда.   

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы. 20- жылдан бері неге шеше алмай келесіздер?

Бақытжан ШЫРЫНБЕКОВ, КЕЛЕС АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ м.а:

Ол жерден тек 2017 жыл ғана жер асты зерттеу жұмыстары жүргізілген. Алдыңғы уақытта ол жерден су анықталмаған.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Нақты қашан шешесіздер?

Бақытжан ШЫРЫНБЕКОВ, КЕЛЕС АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ м.а:

Жоспарға сәйкес, 6 ай мерзімнің ішінде құрылыс жұмыстары аяқталады. Келесі жылдың соңына дейін ауыз су болады.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы, сұқбатыңызға рақмет! Ынтымақ ауылына ауыз су жеткізіп бересіздер деп сенеміз. Қымбатты көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз.

А. Мүтәлі