Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда балет театрының құрылысы кезінде жұмысшы қайтыс болды

AstanaTV
03.12.2020ж. 20:00
2176
Алматыда балет театрының құрылысы кезінде жұмысшы қайтыс болды

Алматыдағы құрылысы жаңадан салынып жатқан балет театрында, жұмысшы биіктіктен құлап мерт болды. 35 жастағы марқұмның жақындары, құрылыс алаңында сақтық шаралары сақталмағанын айтып дабыл қақты. Олар кінәлілер жазалануын талап етеді. Әсем Лесбек қара жамылған отбасымен  тілдесіп, оқиғаның жай-жапсарын анықтап келді.

Қайғылы оқиға осыдан тура бір ай бұрын болған. Құрылыс алаңындағы жұмысшы 10 метр биіктіктен құлапты. Жедел ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде 10 күн жатып, ес жимастан көз жұмған. Марқұммың туыстары осылай деді. Олар белді құрылыс компаниясының сақтық шараларын сақтамағын айтып, шара қолдануды сұрайды.   
   
Злиха МАТЖАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ НАҒАШЫ АПАСЫ:

Мына биік 10 метр, яма болған. Яма жабылмаған. Егер яма болмағанда ол бала тірі қалар ма еді? Техника безопасность сақталмаған ешқандай, никакой ограждение нету рабочийларға. Соның кесірінен өлді баламыз. Ешкім кешірім сұраған жоқ. Полиция Департаменті болса бізге никакой притензии не имеем деп айтты болды.

Қайғыдан қан жұтқан марқұмның зайыбы, күйеуінен қапыда айырылғанына әлі күнге дейін сене алар емес. Құрылыс компаниясында табан аудармай 7 жыл жұмыс істегенін айтады. Бірақ еңбегін елеп, кешірім де сұрап жұмыс берушілердің келмегеніне ашулы.   

Әсем ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, МАРҚҰМНЫҢ ЖАРЫ:

Күндіз обедттеніп бірге үйде, күнделікті балаларымен отырып көңілді аман-есен жұмысқа кеткен адам. 01/00 Бізге ешкім ешнәрсе айтқанда жоқ, міне уже 1 айдай уақыт өтті. Осы Базис компаниясынан ешкім келіп жағдайымызды сұраған да жоқ.

Ал құрылысқа жауапты мекеменің басшыларын нысанның басынан табу мүмкін болмады. Кеңсесіне барғанымызда ондағылар бізбен тілдесуден қашты.

Артынша райынан қайтты ма, құрылыс компаниясы өкілдері, тапсырыс алушы - мердігер мекемемен жолығуға жағдай жасады. Мұндағылар қауіпсіздік ережесі сақталмады дегенді түбегейлі жоққа шығарды.
 
Сергей МОГИЛЯС, «УНИВЕРСАЛ» СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕНІ ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
 
Біз - тапсырыс беруші «Базис-А» компаниясының міндетін орындаушы мердігер мекемеміз. Бұл қайғылы оқиғадан хабарымыз бар. Қазіргі іс қаралып жатыр. Біз марқұмды жерлеуге арналған барлық шараларға қаржылай көмек бердік. Ал құрылыс басында қауіпсіздік сақталмаған деген пікірмен келіспейміз.

Полиция департаменті қылмыстық істің тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық Кодекстің техникалық қауіпсіздік ережесі сақталмауы дерегі бойынша іс тергеліп жатыр деді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда қылмыстық істің аясында тиісті сараптамалық зерттеулер және процессуладық әрекеттер жүзеге асырылуда. Сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот медициналық сараптама. Барлық куәгерлер сұрақ-жауап процедураларына қатысуда.

Салтанат Әзірбек мұндай істің кем дегенде 2 айдан 6 айға дейін тергелетінін де айтып өтті.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Әйтде де қара жамылған отбасы істі аяғына дейін тергеліп, жауаптылардың жауапқа тартылуын талап етпек. Марқұмның артында қалған келіншегі мен кәмілет жасына толмаған екі баласына өтемақы өндіріп беруді сұрайды.

Ә. Лесбек