Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда лифтілердің 70 пайызы апатты жағдай тұр

AstanaTV
04.12.2020ж. 20:00
2180
Павлодарда  лифтілердің 70 пайызы апатты жағдай тұр

Павлодарда лифтілердің 70 пайызы ескірген. Шаһардағы 1000-нан астам лифтінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Өміріне алаңдаған тұрғындар жеделсатылардың жаңартылуын қалайды. Ал жергілікті билік болса, бұған тұрғындардың өзін кінәлап отыр. Өйткені, көпқабатты үй тұрғындары несиеге лифті қоюды құптай бермейтін көрінеді. Сонда адам өміріне кім жауап береді? Жаңасын ауыстыру қанша тұрады? Өзгеріс Қуанар біліп көрді.

Павлодарлық Төлеген Нұрғазының пәтері 9 қабатты үйдің 7-ші қабатында орналасқан. Жасы 70-ке келген ақсақал жоғарыға жаяу шыға алмайды. Сондықтан үнемі лифтімен жүруге мәжбүр. Қария күнделікті пайдаланып жүрген құрылғының жарамдылық мерзімі әлдеқайда өтіп кеткен.

Төлеген НҰРҒАЗЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Кейде салдырлап, көтеріліп бара жатқанда, түсіп бара жатқанда салдыр-сұлдыр етіп зәремізді алады. Бірақ, 40 жылдан асты. 42 ма, 43 жыл болған.  70 жылдардың аяғында берілген - дейді мына үй. Содан бері ештеме жасалынған жоқ.  Бәрі сол қалпы ескі.


Ал жаңасын ауыстыруға тұрғындар шамасы келмейтінін көрінеді. Өйткені мұнда көбіне зейнет жасындағы адамдар тұрады. 40 жылдан астам үздіксіз қызмет кеткен жеделсаты кейде істемей қалатын болған.

Нина ЧИСТЯКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Зейнетақыдан зейнетақы дейін әрең өмір сүреміз. Сондықтан, бізге мемлекет тарапанынан лифтілерді ауыстырып беруге көмектессе - деген өтіншіміз бар. Өйткені, ескірген лифтілер өте қауіпті. Жиі істен шығады. Қай күні құлап кетеді – деген қорқынышпен жүреміз.

Павлодар қаласындағы лифтілердің 70 пайызының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. 1000-нан астам көтергіштің апатты жағдайда тұрғанынан жергілікті шенділерде хабардар. Сондықтан, «Тұрғын үйлерді жаңғыртудың жол картасы» бағдарламасы аясында несиеге лифтілерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қанат ЖЕЛДІБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Лифтілерді ауыстыруға тұрғындарды көбі келіспейді. Соның кесірінен оларды жаңарту жұмыстары да баяу жүріп жатыр. Өйткені, лифтілер сол үйде тұратын тұрғындардың жеке меншігі болып саналатындықтан, біз рұқатсыз ауыстыра алмаймыз. Ол үшін тұрғындар несие төлеуге келісім беруі керек. Бүгінгі күні 27 көпқабатты үй тұрғындары лифтілерді жаңартуға келісті. Құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.  


Шенділердің сөзінше, бір лифтінің құны шамамен 8-9 млн теңге тұрады. Ал төлемақы үйдің шаршы метріне байланысты жүргізілмек. Сондықтан, тұрғындар көтергішке ай сайын 1500-3000 теңге аралығында төлем жасауы керек. Несие 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу әдісі арқылы жүргізілмек. Сол себептен де, тұрғындардың өз өміріне өздері жауап беруіне тура келіп тұр.  

Ө. Қуанар