Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада қардың үстіне жұқа асфальт төсеп жатыр

AstanaTV
04.12.2020ж. 20:00
2955
Қызылордада қардың үстіне жұқа асфальт төсеп жатыр

Әкімдік қулыққа басып жатыр. Редакциямызға хабарласқан Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылдық округінің тұрғындары осылай дейді. Жоспар орындау үшін қысқа қарамастан, жердегі қардың үстіне асфальт төсеп жатқанына наразы. Осыдан соң сапа жайлы айтуыдың өзі артық дейді. Ешқандай стандартқа да сай келмейтінін айтып отыр. Қалыңдығы 2-3 сантиметр ғана екен. Жөндеу жұмыстарының басы-қасында жүрген ауыл басшысы, бұл мәселеге бас қатырғысы келмейді, дейді жергілікті халық. Тыңдап көрейік.

Думан БАҚДӘУЛЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

5 сантиметр болу керек екен асфальт. По-факту төсеп бара жатқандары 2-3 сантиметр ғана. "Балласт щебень" түрін төсеген. Оның үсті қардан тазартылмаған мұз болып жатыр. Соның үстіне төселіп жатыр. Ауылдық округтің әкіміне айтсам: "Қар тазалау міндеттерінде жоқ мердігерлердің" дейді. Төселген асфальті аяқпен тепкілеген кезінде үгітіліп жатыр.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін Қызылорда қаласының атқамінерлеріне хабарластық. Бізбен тікелей байланысқа қазір Қараөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар шығуы керек. Қайырлы кеш, Сәкен Нысанұлы! Естуімізше бұл мәселені жақсы білесіз. Тұрғындар сізге өкпелі. Олар асфальт салынады дегенді естіп қуанғанымен, бірақ жұқалығынан тиіп кетсең жарылады дейді. Мұны қалай түсіндіресіз?

Сәкен ӘБДІЖАППАР, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қайырлы кеш! Тыңдап тұрмын. Мынау жол жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттарға сай жүргізіліп жатыр. Оны техникалық қадағалау мекемесі бар, авторлық қадағалаушы бар. Сонымен қатар, ауылда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ардагерлер қауымдастығы бар, арнайы жолды білетін мамандар бар, солардың құрамын толықтырып біз комиссия мүшелерін құрдық. Олары осы жолдың сапасы тексеріп жүр.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Енді тұрғындардың өзі мына салынған асфальттің сапасына көңілі толмай жатыр. Техникалық қандай да бір ереже бар шығар. Қардың үстіне асфальт төсеу, қаншалықты дұрыс шешім?

Сәкен ӘБДІЖАППАР, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


Енді қазіргі таңда осы шешім жолдың мамандары бар солармен ақылдастық, қазір жолды жөндеу жұмыстары бітіп қалды. Енді жолдың сапасы бірінші орындағы мәселе. Сондықтан ол арнайы мекемелермен тексеріледі. Лаборотори анализдері бар оның бәрі алынады.


Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сіз айтқан комиссияның шешімі қашан шығады. 

Сәкен ӘБДІЖАППАР, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Комиссия шешімі сол жолды жүргізу жұмысының басында қазір. Он бір адамнан құралған. Техникалық қадағалаушылар барлығы сол жолдың басында жүр.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Яғни сіз өзіңіз жолдың сапасына жауап бересіз.

Сәкен ӘБДІЖАППАР, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Жолдың сапасы дегенде ертең оны лабороториялық тексеруден өткіземіз. Егер жолдың сапасы дұрыс болмаса, ол жолды қабылдамаймыз. 

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Қабылдамайсыздар ма? Сонда жол басынан төселеді ме?

Сәкен ӘБДІЖАППАР, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Иә, оның үстіне жаңа істеп жатқан мердігер мекеменің екі жыл кепілдік мерзімі бар. Егер де ертең бір қалпына келтіру жұмыстары шығып жатса, біз оны келісім шартқа байланысты оның бәрін қалпына келтіруге жұмыс жасаймыз.

Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше тұрғындармен байланыста болады. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Данияр