$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2021 жылы коронавирустың салдарынан ашаршылық болып, әлемде 270 миллион өлуі мүмкін

AstanaTV
07.12.2020ж. 20:00
3423
2021 жылы коронавирустың салдарынан ашаршылық болып, әлемде 270 миллион өлуі мүмкін

Келер жылы коронавирустың салдарынан ашаршылық болып, әлемде 270 миллион адам өлуі мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры осындай болжам айтты. Мұның алдын алу үшін барлық мемлекеттер тиісті шараларды қолға алуы керек. Ал, әлем елдері болса қытайлық індетке қарсы вакцинацияны бастап кетті. COVID-19 дертіне қатысты кейінгі деректер Асылбек Даниярдың материалында.

Індет жұқтыру бойынша Ресейде жағдайы қиын. Мұнда антирекорд екінші күн қатарынан тіркелуде. Өткен тәулікте науқастардың саны 29 мың адамнан асты. 457 науқас қайтыс болды. Елдің 85 облысында жаңа жағдайлар тіркеліпті. Басым бөлігі Мәскеуде. Ресей билігі екпе егу жұмыстарын қолға алды. Вакцина алдымен дәрігерлерге, мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге салынбақ.

Британияда COVID-19-ға қарсы иммундау ертең басталады. Pfizer және BioNTech компаниясы әзірлеген препараттардың алғашқы партиясы жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Вакцинаны бірінші болып 80 жастан асқан және егде науқастар, жоғары қауіптілік тобындағы медицина қызметкерлері алады.

Луиза КУГЛАН,  CROYDON ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС ФАРМАЦЕВТІ:

Екпе -73 градус мұздатқышта сақталады және қажет болған кезде ғана пайдаланамыз. Қазіргі уақытта ауруханада біздің басымдыққа ие топтарға вакцинация жасау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Ал, испаниялықтар арасында вакцинаның қауіпсіздігіне байланысты қоғамның пікірі бөлінді. Сауалнамалар көрсеткендей, тұрғындардың  55 пайызы дәріден бас тартқан. Себебі олар екпенің жанама әсерінен қорқады. Ал, қалған 45 пайызы вакцинаны асыға күтіп жүрген көрінеді.

Вакцина қол жетімді болса да қабылдамаймын. Мен оның жанама әсерін көру үшін біраз уақыт күтуге де дайынмын. Мен екпеге қарсы емеспін, бірақ оның құрбаны болғым келмейді.

Менің ойымша, мұны бәрі тез ектірсе, соғұрлым жақсы. Сонда қауіп сейілетін шығар. Шындап келгенде бұны тұмау деп ойлаймын. Мен вакцинаны еш күмәнсіз қабылдар едім.

Ресей өзі ойлап тапқан "Sputnik-V" вакцинасын салса. Испания, шетелдік компаниялардан 31 миллион доза дәрі сатып алды. Вакцинация тегін жүрмек. Ресей сарапшылары айтпақшы, адамға короновирус емес суперинфекция қауіпті дегенді айтып отыр. Өлім-жітік сол дерттен көп тіркелуі мүмкін екен. Салынып жатқан вакцина ол ауруға ем бола ма жоқ па? Ол әзірге белгісіз.

А. Данияр