Алматы облысында үй-үйді тонап, халықты қанап жүрген қылмыстық топ ұсталды. Ұрылар, соңғы екі ай ішінде Талдықорған, Сарқан және Көксуда 15-ке тарта баспананы үптеп кеткен. Бұл туралы облыстық полиция хабарлайды. Тәртіп сақшылары қылмыстық топтың 5 мүшесін тапа- тал түсте, көше бойында құрықтады. Олар мінген көлікті тінту кезінде айғақ зат ретінде тұрмыстық техника мен өзгеде бағалы заттар табылған. Күдікке іліккендер 22 мен 29 жас аралығында. Оларға қатысты ұйымдасып топ құрды, әрі қылмыс жасады деген баптармен іс қозғалды. Ұсталғанның үшеуі, айтпақшы бұрын істі болған көрінеді. Күдіктілердің төртеуі де уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды. Сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.
Д. Мұхаммедкәрім