Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Көгілдір отынға сеніп көмір түсірмеген рудныйлықтар үсіп отыр

AstanaTV
09.12.2020ж. 20:00
1947
Көгілдір отынға сеніп көмір түсірмеген рудныйлықтар үсіп отыр

Газ кіреді деп жүргенде қылышын сүйреп қыс та келді. Бүгін арнамызға Рудный қаласының тұрғындары хабарласты. Мазалаған сұрақ - көгілдір отын мәселесі. "Әкімдікке сеніп үсіп қалатын болдық", дейді уатсап номерімізге хабарлама жазған ағайын. Айтуларынша, биыл 18-ші шағын ауданға газ кіреді деген соң ел көмір түсірмепті. Алайда, көгілдір отын келмей қалған.

РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Биыл газ келеді деген соң несие алып, құрылғыны орнатқан едік. Өзім көпбалалы анамын, газ келмесе менің көмір алатын ақшам да жоқ. Қашанға дейін күтеміз?

Бұл сұрақтың шешімін табу мақсатында Рудный қаласы әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен байланыста әкім орынбасары Әнуар Қорғанбекұлы. Қайырлы кеш! Мәселені естідіңіз, қыс келді. Әкімдік уәдесінде неге тұрмай қалды?

Әнуар ЕСҚАТОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Рудный қаласы 18-ші шағын ауданына газ кіргізу жұмыстары қазір аяқталып қалды. Мердігерлер қазір бүкіл құжатты жергілікті "Қазтрансойл аймақ" тапсырады. Содан кейін пайдалануға беру мәселесі талқыланады.

Халықтың айтуынша, көгілдір отын күзде қосылады деген екенсіздер. Қыс болды. Ал, Тобыл өңірінде биыл аяз қатты. Бүкіл қаражатын газға салып қойған ағайын көмір ала алмай отыр. Ол кісілердің жағдайы не болмақ?

Әнуар ЕСҚАТОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол ықшам аудан 60-шы жылдары салынған, онда мүлде газ болмаған. Альтернативті отынмен жылытып келген.

Нақты уақытын айтыңызшы, қашан газ беріледі?

Әнуар ЕСҚАТОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа жылға дейін үйлерге газ беріледі.

Жақсы, сұхбатыңызға рақмет! Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ