Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Атырауда ірі балық шаруашылығы жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр

AstanaTV
10.12.2020ж. 20:00
1784
Атырауда ірі балық шаруашылығы жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр

Атырауда ірі балық шаруашылығының жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр. Маусымдық жұмысқа тартылған 100-ге жуық адамның еңбекақы ала алмағанына екі айдан асыпты. Бұл жерде кәсіпкер, пандемияға байланысты табыссыз қалғанын айтып ақталған. Тығырықтан шығу мақсатында ол жұмыс күшін қысқартып, банктен қарыз алуға мәжбүр болған. Базаргүл Нәдірқызы тарқатсын.

Шыдамы таусылған жұмысшылар кәсіпорын кеңсесіне жиналды. Екі айлық жалақысын даулап жүрген 100-ге тарта жұмысшы бар. Олар, маусымдық жұмысшы ретінде уақытша қызметке алынған.

Әділет БАЙМҰХАНОВ, ЖҰМЫСШЫ:

Қайта қайта қақылдап,  аяғымыз тозды.  Бір жағынан несие, бір жағынан пәтер ақысы бар. Ешқайда жұмыс алмайды. Ақшаға қарап күтіп отырмыз. Күнде еститініміз бір әңгіме. 3күн, 5 күн . Болды.


Мейрамбек  ҚҰСАЙЫНОВ, ЖҰМЫСШЫ:


Маған 250 мыңдай қарызы бар. Бізге ескерткен жоқ.  Кірген кезде келісім шарт береміз деген  бірақ берген жоқ. Компанияда ақша жоқ дегенге сенбеймін.

Құрғақ уәдеден шаршаған жұмысшылардың алды, ауылдарына кетіп қалған. Еңбекақыдан күдерлерін үзіпті. Ал, кәсіпорын басшылығы болса, пандемия кесірінен табысымыздан қағылдық, ақталды. Шетелге балық экспорты тоқтап қалыпты.

Сәбит САҒИДУЛЛИН, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
 
Шетелдің бәрі жабық тұр. Біз Ресей, Украина жақсы алатын еді.  Еуропа алатын еді. Экспортпен Еуропаға да шығарамыз ғой.  Бүкіл көрсеткіштер экспорттың азайды шыны керек. Осы күзгі маусым өте нашар болды. Балық та дұрыс болмады. Себебі Жайықта су жоқ. Жайықта су болмаған соң балық кірмейді жайыққа.

Тығырықтан шығу мақсатында компания банктен несие алмақ. Зауытты кепілге қою үшін құжаттар жинастырып жатқан көрінеді. Кәсіпорындағы қиын жағдайды жергілікті шенеуніктер де біліп отыр.

Артур СӘДІБЕКҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Атырау» Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік  қоғамына менің  қолыммен кепілдеме хат жібердік. Бұл кісілерге  жеңілдетілген төменгі бағамен  кредит беру жөнінде балықшылардың жалақысын төлеуде.  Қазіргі мәселе шешілуде.


Айта кету керек. Аты дауға ілікке кәсіпорын, кезінде дүркіреп тұрған балық шаруашылығының бірі еді. Ол шетелге жылына 3 мың тонна балық экспорттайтын. Өткен жылы ғана 1200 адамды жұмыспен қамтып отырған мекеме, биыл 100 адамның жалақысын төлей алмай дал болып отыр.

Б. Нәдірқызы