Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тараздықтар көгілдір отынның рахатын көре алмай отыр

AstanaTV
10.12.2020ж. 20:00
1588
Тараздықтар көгілдір отынның рахатын көре алмай отыр

Тараздың шетіндегі елді-мекендерде көгілдір отын жоқ. Бұқара қаржысын құйып, құжатын түгендеп қойса да, жергілікті атқамінерлердің қосатын түрі жоқ дейді. Күтуден шаршадық, уәдеге тойдық деген халық, арнамызға шағымдарын арқалап келді. Тараптарды тыңдаған аймақтағы әріптесім Берік Жұмабай айтып береді.

Шөлдала елді-мекенінің тұрғындары ақ жағалылардың жаттанды жауабынан жалыққан. Мердігер қыс түскенге дейін көгілдір отынмен қамтуы тиіс еді. Тіпті келісім-шартта жасасыпты. Көпшілігі несие алып, құбырды үйге кіргізуге 300 мың теңгеден астам қаражат төлеген. Жұрттың көпшілігі газ беріледі дегенге сеніп, көмір де алмаған. Қыс келгелі бойымыз бір жылымады деп айқайға басқан бұқара, балалардың жаппай ауырып қалуынан қауіптенеді.   

Жолдыбай ТАЛДЫБАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Көршілеріміз жағып отыр. Біздер ортада қалып қойдық. Есіктің алдынан өтіп тұр газ труба. Сосогын шығарып кеткеніне 3 ай болды.


Кәмшат ӘБДІҒАНИЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Газға ақшаны беріп қойғаныма 4 ай болды. 300 мың теңге бардім 3 айдан бері өзіміз көмір жағып отырмыз. Мұнда келсем сенің документтерің дайын емес дейді, ал "Қазтрансгазға" барсам барлық документің дайын деп айтты. Енді қашан кіреді десем маған тағы да екі апта күт дейді. Күте күте жаздан бері күтіп жатырмыз.


Шөлдалада 128 түтін бар. Оның 40-қа жуығы көгілдір отынды пайдаланып отыр. Демек ауылға көгілдір отын келіп тұр. Басқасына неге бермей жатқанын жауапты компаниядан сұрадық. Олар тұрғындардың өздерін кінәлап отыр.

Еркін ӘЙНЕКБАЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:


Құжаты біткен үйлер газ жағып отыр. Ал құжаты бітпеген үйлер түсінбей хайвай шығарып отыр. Газ жағып отырған 40 үй, 128 үй договорға отырған. Яғни олар белгілі себептермен қалған ақшаларын төйлей алмай отыр, бұл жерде халық.


Мердігер: қомақты қаржыны бірден құя алмайтындарға, бөліп төлеуге ұсыныс жасалған,- деді.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

 
"Қазтрансгаз" аймақ өкілдерінің айтуынша, мәселенің бұлайшы ұшығуына түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі себеп. Демек, мердігер компания о баста осыны жолға қоймаған деп отыр. Қалай болғанда да қазір Таразда 28 елді-мекендегі халықтың күйі осы. Ал қала әкімдігі шешуге асығар емес. Құжаттары заңды, қаражатын аударғандар ғана көгілдір отынның шапағатын көре алатынын жеткізді.  


Б.Жұмабайұлы