$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының жүрегі - "Ауыл" партиясы

AstanaTV
11.12.2020ж. 20:00
3978
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының жүрегі - "Ауыл" партиясы

«Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының жүрегі». Осындай ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын бастаған, "Ауыл" партиясының белсенділері бүгін екі өңірде шара өткізді.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өкілдері, Таразда дөңгелек үстел басына жиналды. Олар сайлауалды бағдарламаға тоқталып, халықтың күрмеуі қиын мәселелерін жіпке тізді. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдау, азық-түлік өнімдері мен шикізат өндіру, сату, экспорттау және импорттау бойынша қосымша құн салығын алып тастауды мақсат етіп отыр.

Ерболат САУРЫҚОВ, «АУЫЛ» ХДПП ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жамбыл облысы аграрлық өңір болғандықтан бұл жерге біз жақсы мамандар дайындауымыз керек. Мынау «Болашақ» бағдарламасы арқылы, болмаса шетелдегі озық университеттерге жастарды доктарантураға жіберу арқылы жақсы мамандар дайындауымыз керек. Сол мамандардың көмегі ертең бізге көп септігін тигізетін болады.

Саха МАНАТОВ, «АСПАН АГРО» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Біздің ауыл шаруашылықты үлкен деңгейге жеткізуге мүмкіншілік бар. Оған Үкіметтің де жағдайы бар. Проблемалар бар шешу жолында біздер партия линиясымен өзіміздің бағдарламамыз бар сомен шешуге әрекет жасаймыз.

Ауылдықтардың үгіт-насихат жұмыстары Түркістан облысында да жалғасты. Қазығұрт тауының етегінде "Ауылдықтар атқа қонды, қолдайық!"  атты акция өткізді. Адамзат баласының өсіп-өнуі дәл осы жерден бастау алады. Сондықтан қасиетті Қазығұрт жерін жаңғыру және жаңару мекені деп атауға болады, деді партия төрағасы Әли Бектаев. Естеріңізге сала кетейік, "Ауыл" партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын қалыптастыру алдында "Ел аманаты" атты жалпыұлттық сауалнама жүргізген еді. Әрбір қазақстандықтың ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін қарастырған болатын.

Ғ.Өтемісов