Ал, «Ақ жол» демократиялық партиясы болса, үгіт-насихат жұмыстарын Алматы қаласында жалғастырды. Партия белсенділері азық-түлік өнімдерін шығаратын зауыттарды аралап, жұмысшыларымен кездесті.
"Ақжолдықтар" бүгін сайлауалды бағдарламаларын, Алматы облысындағы зауыт жұмысшыларына таныстырды. Партиялықтар шағын және орта бизнес иелерін бірақтар мемлекеттік төлемдерден босатуды көздейді. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды салықтан құтқармақ. Саяси ұйымның төрағасы Азат Перуашев, еңбек өкілдерінің ұсыныстарын да тындады.
Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Яғни күн сайын сайлау алды үгіт-насихаттау басталғаннан кейін біз осындай ұжымдармен кездесуге, өндірушілерді аралап шығуға тырысамыз. "Ақ жол" партиясы кәсіпкерлердің, өзін-өзі көтерген азаматтардың партиясы болғандықтан біз осындай отандық өндірушілерімізді қолдауға міндеттіміз. Ең алдымен әрине салық саясаты, несие саясаты және де реттеу саясаттары.
Партия бұдан бөлек, ел экономикасын нығайту, нарықтық және бәсекелестік қағидаларды дамыту бағытына күш жұмсайтындарын айтты. Сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары мегаполистегі май өнімдерін шығаратын зауыт ұжымына да таныстырылды.
Григорий ПЛЕТНИКОВ, МАЙ ӨНІМДЕРІ ЗАУЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біздің мекеме май өнімдерін шығарумен айналысады. «Ақ Жол» демократиялық партиясы мекеме жұмысшыларының көкейкесті мәселелерін тыңдады. Әсіресе несие мәселесін көтердік. Алдағы уақытта біздің ұсыныстарымыз қабылданады деп сенеміз.
Аталған кәсіпорын жылына 9 млрд теңгеден астам қаражатты салыққа аударады екен. Партия белсенділері мұны болашақта ескеруге уәде етті. Негізінен зауытта май өнімдерінен бөлек сүт, тұздық, түрлі дәмдеуіш заттар шығарылады. Мекеме басшысы партия белсенділерінің былтыр да келіп, ұсыныстарды тыңдағанын еске салды. Айтып өтейін, биыл "Ақ жол" демократиялық партиясы саяси додаға 38 үміткерін қосты.
Ә. Лесбек