Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбедегі саяжай тұрғындарының қалаға қатынауы қиындап кетті

AstanaTV
14.12.2020ж. 20:00
2186
Ақтөбедегі саяжай тұрғындарының қалаға қатынауы қиындап кетті

Ақтөбенің іргесіндегі саяжай тұрғындары, теміржолды кесіп қалаға қатынап жүр. Күн сайын басын қауіпке тіккен тұрғындарға, полиция шойын жолмен жүргені үшін айыппұл сала бастапты. Осыған ашулы бұқара, арнамызға шығамданды. Айтуларынша мәселені шешуге жергілікті шенеуніктер құлықсыз. Тараптарды тыңдағын аймақтағы әріптесім, тақырыпты тарқатады.

Бұл -  саяжай аумағында тұратын тұрғындардың жанайқайы. Мұнда 3 мыңға жуық бұқара бар. Олардың күнделікті жұмысы қалада. Тіпті балабақша мен емханаға да бару үшін, теміржолды кесіп өтуге мәжбүр. Өйткені мұнда қоғамдық көлік келмейді. Ал, арнайы жол арқылы қатынау үшін, 3 шақырым жерді жаяу жүріп өтуі керек.

Назгүл АМАНҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектепке теміржол арқылы өтеміз. Қиыншылық міне, осы. Полиция тосқауыл жасайды: "Бұл жерден өтуге болмайды" деп. "Екінші рет өтпейміз" деген қолхат жазу керексің" дейді. Мен оны қалай жазамын мен осы жерден мәжбүрмін өтуге басқа жол жоқ.


Мәселені шешуді талап етіп, халық талай рет әкімдіктің табалдырығын тоздырған. Олар теміржол бойына аспалы не жерасты көпір салып беруді сұрайды.

Ырза ӘДІЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Менің үш немерем бар. Осы тұста 30 мектепте оқиды. Бәріміздің балдарымыз сонда оқиды. Барып келгенше жанымыз шығып қорқып отырамыз.


Гүлнәр БЕКБОЛАТОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Әрі қарай өтетін көпір болса, иә болмаса 312 автобус жүрсе. Жаңағы пойыз өтетін жерден көпір істеп берсе болар еді.

Жергілікті атқамінерлер жағдайдан хабардар. Көпір салуды ойластырып қойған. Қоғамдық көлікті бұруды да шешпекші. Бірақ қашан түпкілікті шешетіндерін өздері де айта алмады.

Бақұзақ ДАРИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ «АЛМАТЫ» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Өткел көпірді оған әуелі техникалық-экономикалық негіздемесі, жобалық –сметалық құжатнамасын жасау керек. Оғанда ұсыныс берілді. Біздің "Қазақстан теміржолы" мекемесіне өзіміздің қалалық құрылыс бөліміне ұсыныс беретін боламыз.


Әкімдіктегілер бір амалын тапқанша, саяжай тұрғындары қауіпті болса да тура жолмен жүруге мәжбүр. Тек полиция байқамаса болғаны,- дейді. Айта кетейік, тек биылғы жылдың өзінде өңірде теміржол бойында алты жазатайым оқиға болып, үш адам көз жұмған.

Б. Рахметова