Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Тәуелсіздік күні қарсаңында карантин күшейтіледі ме?

Тәуелсіздік күні қарсаңында карантин күшейтіледі ме?

Мереке күндері карантин талаптары күшейтілмейді. Бірақ, санитарлық нормалар бойынша рейд іс-шаралары көбейтілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Алдағы демалыста емдеу мекемелері мен сауда ойын-сауық орталықтары жұмыстарын тоқтатпайды. Бұл қағида "қызыл аймақта" қалған Нұр-Сұлтанға да тиесілі. Көпті толғандырған сұрақтың бірі - қоғамдық көліктердің қозғалысы. Алдағы аптада қала ішінде жүретін автобустардың бәрі қалыпты режимде жұмыс істедейді. Дегенмен, дәрігерлер мейрам кезінде сақтық шараларын ұмытпауды ескертіп отыр.

Роза ҚОЖАПОВА, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Халық көп жиналатын орындарға бармау, ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және оларға қатыспау. Ағзаның салқындауына жол бермеу, коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау,  міндетті түрде маска тағу. Әлеуметтік қашықтық пен гигиеналық талаптарды сақтау. Құттықтау үшін қашықтан байланысу құралдарын пайдалануға шақырамын.

А. Данияр