$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Қазақстан халық партиясының үгіт-насихат жұмыстары Ақмола облысында жалғасты

AstanaTV
15.12.2020ж. 20:00
2830
Қазақстан халық партиясының үгіт-насихат жұмыстары Ақмола облысында жалғасты

Медицина қызметкерлерінің бір бөлігі әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған. Ақмола облысында сала мамандарымен кездескен Қазақстан халық партиясы, осы бағытқа күш салмақ.  

Қазақстан халық партиясының үгіт-насихат жұмыстары бүгін Ақмола облысында жалғасты. Көкшетау қаласында өткен науқан барысында медицинадағы проблемалар көтерілді. Ғимараттардың заманауи техникамен жабдықталуы, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен жалақысы, тіпті оларды әлеуметтік тұрғыда қорғау мәселесі сөз болды. Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламасында ел тұрғындарын тегін әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету көзделген. Ал дәрігерлердің еңбегін тиісті деңгейде бағаламай оған қол жеткізу қиын дейді партиялықтар.

Айқын ҚОҢЫРОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ» ТӨРАҒАСЫ:
 
Кез-келген мемлекеттің негізгі байлығы, ол – халқы. Біздегі медицина қызметкерлерінің бір бөлігі әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін ақ халаттылардың жалақысы көңіл көншітерлік емес. Сондықтан кадрлардың басым бөлігі басқа салаға кетіп жатады.

Пандемия кезінде бүкіл републикада ақ халаттылардың жетіспеушілігі байқалды. Әсіресе ауылды жерлерде мәселе шешілер емес. Ал партия бұл мәселені шешудің жолын ұсынып отыр.

Ирина СМИРНОВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ» МҮШЕСІ:


Халық әлеуметтік көмек алуы қажет. Яғни мемлекет расымен де әлеуметтік болуы тиіс. Баршаға қолжетімді білім, медицина, баспана және банк мәселесін қарастырып, халықты кредиттен арылту жолын қарастыруымыз керек.

Сондай-ақ партия Талдықорған қаласында да өз сайлаушыларымен кездесу өткізді. Онда да тұрғындарды мазалаған мәселе талқыланып, партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Ә. Өмірзақ