$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Бүгін Мемлекет Басшысы Өзбекстанға мемлекеттік сапар жасады.

AstanaTV
16.09.2017ж. 20:00
1841
Бүгін Мемлекет Басшысы Өзбекстанға мемлекеттік сапар жасады.

Бүгін Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан астанасы Ташкентке барды. Сапар алдында екі мемлекет арасында салмақты құжаттардың қомақты пакетіне қол қойылатыны хабарланған.

Барлық сала бойынша - саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық бағыттардағы ынтымақтастықты тереңдету талқыланды. Екі президент бизнес-форумға қатысты. Наурызда Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеев мемлекеттік сапармен Астанаға келіп кеткен. Көрші елмен байланыстардың тереңдейтіні білінген. Н.Назарбаев та бейсенбіде Өзбекстанмен қарым-қатынастарды «өте жақсы» деп бағалаған. Мысалы, олар біздің бидай экспортына акцизді нөлге жақындатқан. Биыл сауда 35 пайызға артқан. Шекара бойындағы кедергілер жойылған. Президент сөйдеді. Ертең Н.Назарбаев  Ашхабадқа барады. Аймағымыздағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын көрші елдердің де президенттері ұға бастағанына біз бұрын тоқталғанбыз.