Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанға өлім жазасы қажет пе?

AstanaTV
23.12.2020ж. 20:00
5660
Қазақстанға өлім жазасы қажет пе?

Қазақстан өлім жазасынан мүлдем бас тартады. Мәжіліс депутаттары бүгін аса ауыр қылмыс жасағандарға арналған заң жобасының күшін жою туралы құжатты бірауыздан мақұлдады.  Алайда, халық қалаулыларының бұл шешімін кейбір сарапшылар құп көрмейді. Балалар мен жасөспірімдерге зорлық көрсеткен педофилдер қатаң жазалануы керек, деп есептейді. Айя Мүтәлі тарқатады.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Елде өлім жазасы мүлдем болмайды деуге келмес. Себебі, жаңа құжатта соғыс кезінде әскери сипатта аса ауыр қылмыс жасағандар қайткенмен де қатаң жазаланады делінген. Хаттама БҰҰ-ның атына жазылыпты. Мәжілісмендер бұл заң жобасын бүгін оң бағалап, бірауыздан мақұлдады.

Ал, заңгер Жангелді Сүлейманов «өлім жазасына енгізілген мараторийді әлі де алып тастау қажет», дейді. Оның пікірінше, қатаң жаза қоғамдағы азғындарға ғана емес, парақорларға да қолданылуы керек. Оларды жылдар бойы темір торда баққанша, көзін құртқан артық", дейді сарапшы.

Жангелді СҮЛЕЙМАНОВ, ЗАҢГЕР:

Аса ауыр қылмысқа барғандар әділетті жазасын алуы керек. Педофилдердің бәрі болмаса да, кем дегенде 40% -ы өлімнен қорқады. Бұл дегеніміз біз кемі 40 баланы құтқарып қала аламыз деген сөз. Парақорлардың да қылмысы жеңіл емес.  Олар бюджет қаржысын жымқырып, қаншама қарапайым халықтың көз жасына қалғандар.

Бүкіл елді дүрліктірген бұл жантүршігерлік жайт жарты жыл бұрын Сәтпаев қаласында болған еді. Жоғалған бес жасар қыз, 63-тегі ер адамның пәтерінен зорланған күйі табылды. Дүйім жұрт осы күннен бері педофилдерге аяушылық танытпауды талап етеді. Дегенмен, қандай қылмысқа барса да, қаскөйді өлім жазасына қимайтындар бар. Саясаттанушы Дос Көшім ату жазасын енгізуге түбегейлі қарсы.

Дос КӨШІМ, САЯСАТТАНУШЫ:

Менің аргументім бір-ақ нәрсе. Алланың берген өмірін адамдар ала алмайды. Себебі, мемлекет пен қоғам адамның солай боп шыққаны, солай формулироваться еткеніне кінәлі. Біз сол кінәміз үшін амал жоқ ұстауымызға тура келеді да. Бізде осылай шыққан, біздің қатысымыз жоқ деп қоғам айта алмайды да.

Өлім жазасын қолданатын елдер әлемде аз емес. Кейбір елдер тіпті қайта енгізіп жатыр. Мәселен, АҚШ билігі осыдан жарты жыл бұрын ғана өлтірді.

А. Мүтәлі