Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Тайланда пілдер медициналық бетперде таратты

AstanaTV
23.12.2020ж. 20:00
2167
Тайланда пілдер медициналық бетперде таратты

Жаңа жыл қарсаңында Тайланд мұғалімдері ерекше акция өткізді. Ұстаздар, пілдерді Санта-Клаус қылып киіндіріп мектептерге медициналық бетперде таратты. Бұл тосын си оқушылардың қызығушылығын тудырғанға ұқсайды. "Мақсатымыз, Жаңа жылдық көңіл күй силау және сақтақ шараларын еске салу", дейді ұйымдастырушы мұғалімдер. Пілдер бірнеше мектепті аралап жүздеген маска таратыпты.

Коронавирус пандемиясы келіп қиын болды. Пілдердің мектеп ауласына кіруіне тиым салынған еді. Пілді көру үшін көшеге шықтық. Бүгін нағыз мереке болды.

Д. Мұхаммедкәрім