$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елде Ұлттық тауар өндіру жүйесі жаңартылмақ

AstanaTV
25.12.2020ж. 20:00
1944
Елде Ұлттық тауар өндіру жүйесі жаңартылмақ

Қазақстанда 24 жаңа көтерме-сауда орталығы құрылады. Онда қарапайым фермерлерден бастап, ірі кәсіпорын иелері өз өнімдерін сақтай алады. Бұл орталықтардың басты ерекшелігі - олар үнемі өзара байланыста болады. Сауда министрлігі Ұлттық тауар өткізу жүйесін құруға күш жұмсамақ.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

Пандемия кезінде көріп отырмыз, бүкіл әлемде үлкен нарықта, сауда, көлік, логистика салаларында үлкен өзгерістер болып отыр. Мысалы Қытаймен шекарадағы қиыншылықты көріп отырмыз. Сондықтан біз де дайын болып, бүгінгі күні сауда саласын дамытатын тиісті бағдарлама жобасы әзірленіп жаңадан қаралып жатыр.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, көптеген тауар өндірушілер инфляцияны қолдан жасайды. Осының салдарынан отандық нарық кедергілерге тап болады. "Бұл - қазақстандық сауданың қазіргі заманнан қалып қойғанын көрсетеді", деді Сауда және интеграция министрі.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

Нарықта барлық логистикалық жүйелерді, сауда объектілерін, өнімді қайта өңдеу объектілерін біріктіру шамамен 115 миллиард теңге инвестицияны талап етеді. Бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастыру арқылы ашық баға мәселесін шешуге болады деп ойлаймын.


Ғ.Өтемісов