АҚШ-та әскери қызметкер үш адамды атып өлтіріп, тағы үш адамды жаралады. Күдікті ұсталды. Ол - Дюк Уэбб есімді әскери-десантшы болып шықты. Қанды қырған Иллинойс штатындағы Рокфорд шаһарында болған. Жергілікті боулинг клубтың бірінде ол кенеттен оқ жаудыра бастаған. Нәтижесінде үш адам қаза тапты. Бұрынғы әскериді полиция тұтқындады. Алайда ол, бұл қылмысқа не үшін барғанын айтып түсіндіре алмаған.
Дэниэл О'ШИ, РОКФОРД ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Тергеу жүріп жатыр. 37 жасар Уэбб Флорида штатының тумасы. АҚШ құрлық әскерлерінің қызметкері. Оған, "Үш адамды өлтірді және тағы үш адамның өміріне қауіп төндірді", деген айып тағылды.
Тэннеси штатынан да маза қашты. Мұнда, Энтони Куинн Уорнер деген азамат фургонды жарып жіберген. Жарылыстан өзі қаза тапқан. Тағы үш адам түрлі дене жарақатын алды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Д. Мұхаммедкәрім