Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматы облысында Республикалық маңызды жолдың бір бөлігі жабылды

AstanaTV
28.12.2020ж. 20:00
1811
Алматы облысында Республикалық маңызды жолдың бір бөлігі жабылды

Алматы облысында Үшарал – Достық Республикалық тас жолының бір бөлігі жабылды. Бүгін таңғы сағат 11-ден бастап, Көктұма – Достық елді мекендерінің аралығында көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Себебі, аймақта қатты боран соғып, жолды көру мүмкін болмай қалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, жолаушыларға осы бағыттағы сапарлардан бас тарту туралы ақпарат таратты.

Игорь ЖУКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шығуға болмайды. Еске саламыз. Жалпы, қыс мезгілінде жолға шыққанда жылы киім, азық-түлік алып жүру керек. Жалғыз көлік болып жүруге болмайды. Бірнеше көлік болып топтасып жүрген дұрыс.


Ал, синоптиктердің болжамына қарағанда қаңтар айының басында аймақтарда қалың қар түсіп, күшті боран соғуы ықтимал. Сібірден жылжып келе жатқан аяздың әсерінен, солтүстік аймақтарда ауаның температурасы 39 градусқа дейін суытады. Оңтүстік өңірде 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Светлана АМАНКУЛОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК АЛМАТЫ Қ. ФИЛИАЛЫ БОЛЖАМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қаңтардың 1-2-сі күндер Алматыда қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендейді. Ал, Алматы облысының солтүстік аймағында аяз қатайып, бұрқасын соғуы ықтимал. 35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

А. Кемелжан