Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Ауыл" ХДП партиясы мүшелері Жамбыл облысына келді

AstanaTV
29.12.2020ж. 20:00
1849
"Ауыл" ХДП партиясы мүшелері Жамбыл облысына келді

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобы, Жамбыл облысына ат басын тіреді. Аймақтағы бұқарамен, кездесіп, жоспарларымен бөлісті.

Партия әзірлеген сайлауалды бағдарламада, рухы биік ұлт пен отбасы құндылықтарын жіті түсіне білетін жастарды тәрбиелеуге басымдық берілген. Елді-мекендердегі халықтың әл-ауқатын көтеру, ауылдықтардың басты мақсаты. Ол үшін ауылға баруға ниетті жас отбасыларды тұрғын үймен қамту, сондай-ақ жеке кәсіп ашуға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету керек дейді. Оның жолдарын бағдарламада айшықтап өткен. Соның бірі пайызсыз несие беру. Аймақтағы жайылым жерге қатысты проблемаларға да назар аударды.  

Қанат ТАСЫБЕКОВ, "АУЫЛ" ХДП ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Жамбыл жеріндегі проблемалар біздің партияның белді сұрақтарының бірі жайылым жетіспейді сосын жерлерді көп иемденіп алғандар оны игермейді деген сияқты сұрақтар. Ол әрине партия бағдарламасында бар. Ауылдан шыққан халықпыз- қазақ. Сондықтан біз міндетті түрде Парламентте болуымыз керек. Міндетті түрде біздің үніміз естілуі керек.


Партия жақтастары ауыл шаруашылығына көрсетілетін қолдау шараларына егжей-тегжей тоқталды. Атап айтқанда, фермерлерді қосымша құн салығынан босатып, несиелерді арзандатуды көздейтін субсидия түрлерін бесеуге дейін қысқартуды көздеп отыр.Партиялықтардың бағдарламасында әлеуметтік мәселелер де назардан тас қалмапты. Соның бірі - 18 жасқа толғанға дейін -«Бала нәсібі» жәрдемақысын тағайындауды ұсынып отыр.

Дәурен ҚУАТ, “АУЫЛ” ХДП ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Өткен жылдары бала басына 21 мың теңгеден ақша тағыйндағанда көп балаларға ажиотаж болды қарбалас болып кетті. Мысалға балалардың құжаттары жоқ кейбіреуінің. Қайсы бірінің әкесі жоқ. Кей балалардың әкесінің аты жөні жоқ. СПС дұрыс жазылмаған деген секілді. Осылардың бәрін реттейтін тәртіпке келтіретін жүйелі түрде зерттеп қарап отыратын әлеуметтік институтты енгізуде біздің жоспарымызда бар.


А. Мүтәлі