Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақстан халық партиясының үгіт-насихат тобы Көкшетау қаласына келді

AstanaTV
29.12.2020ж. 20:00
2045
Қазақстан халық партиясының үгіт-насихат тобы Көкшетау қаласына келді

Үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырған Қазақстан халық партиясы Ақмола облысында жүр. Олар Көкшетау қаласындағы «Новопэк» зауытының жұмысшыларымен кездесті.

Партиялықтар Көкше жеріндегі Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. Оларды толғандырған сауалдарға жауап берді. Еңбек қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Мекеме полипропилен қап шығарумен айналысады. Бірнеше жыл бұрын өндірісті ұлғайтып, жаңа цех ашқан. Бүгінгі күні мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған, өңірге белгілі кәсіпорын.  

Кәсіпорынның жұмысымен танысып, өзекті мәселелерді талқылаған партиялықтар, сайлауалды бағдарламадағы тиімді бағыттарды насихаттады. Негізгі ұстанымдарын, мақсат-мүдделерін жеткізді. Саяси ұйым әлеуметтік мәселелерге басымдық беріп отыр. Денсаулық сақтау саласын жетілдіру, халықты баспанамен қамту, зейнетақы жүйесін өзгертуге ниетті. Ешкімде шет қалмайды деп сендіреді. Аталған өзекті мәселелерді жұмысшылармен талқылап, олардың ой-пікірін тындады.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:


Цехтардың барлығы жұмысты толыққанды атқарып тұр. Яғни Қазақстанның экономикасына қосып отырған үлесі жақсы екенін айтуға болады. Жұмысшылардың білім, мдеицина саласындағы реформаларға көңілі көншімейді.  Жанұялары, балалары, немерелері үшін уайымдап отырғандығы байқалады.


Айта кетейік, кәсіпорын өндірісте озық технологияларды қолданады. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға жол ашып отыр. Партиялықтар мекемені жаңашылдыққа бет бұрғанын қолдап отыр. Өйткені бұл - экономиканың өсіне қарқын береді деп есептейді.   

Ә. Өмірзақ