Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Сайлау учаскесінде қандай талаптар сақталуы керек?

AstanaTV
29.12.2020ж. 20:00
2056
Сайлау учаскесінде қандай талаптар сақталуы керек?

Сайлаушылардың бас-басына қаламсап керек. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында,  елдің бас санитарлық дәрігері осындай ұсыныс жасады. Саяси науқан кезінде, тұрғындар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет,-деді. Сондай-ақ қол алысудан бас тартып, балаларды өзімен бірге алып жүрмеуге кеңес береді. Ал, індетке шалдыққандарға, жергілікті әкімдіктегілер жағдай жасауға міндетті екенін айтты. Науқанды бақылаушыларға да қатаң талаптар қойылған.  

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Сайлау учаскесінде дауыс беру процесін ұйымдастырған кезде, комиссия мүшелері бетпердені әр үш сағат сайын ауыстырып тұру шарт. Қорғаныш құралдарының тапшылығы болмауы керек. Сайлау учаскесіндегі кабиналар жиі өңделіп тұрады. Бюллетеньдерді алу кезінде де жақын байланысқа жол берілмейді.

А. Данияр