Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан халық партиясының мүшелері мәңгілік алауға тағзым етті

AstanaTV
04.01.2021ж. 20:00
2019
Қазақстан халық партиясының мүшелері мәңгілік алауға тағзым етті

Үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырған, Қазақстан халық партиясы өкілдері бүгін Атырауға келді. Халықпен кездесіп, «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.  

Мұнан соң, аймақтағы соғыс ардагерлерінің жағдайын біліп, тіршілігімен танысты. Облыс бойынша 4 соғыс ардагері қалған. Жеңісті жақындатуда жанқиярлық ерлік көрсеткендерге көмек көрсету - борышымыз, - дейді халық партиясының өкілдері. Олар қарттардың жағдайын жасауды алдарына мақсат етіп қойған. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаларында айрықша орын алған - зейнетке шығу жасын төмендету жолдарын да егжей-тегжей түсіндірді.  

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Зейнет жасын қысқарту. 63-ке дейін үлкен кісілер, ауылда жасаған кісілер 63 деген ойға сыймайтын нәрсе. Болашақта ел дамиды. 2050 жылға емес, 2030-ға дейін жеткізуге тырысамыз. Халықтың мүддесі үшін, халықтың мұңы үшін біздер соған күш жасаймыз.  


Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір білім алудың өзі, дарынды, талантты жастарға қиын болып кетті ғой. Оқу ақысы да қымбаттап жатыр. Сондықтан осы партияның көздегені сондай тегін білім беру, тегін емделу денсаулық жағынан алғанда. Сондықтан да бұл партияның мақсаттарын, көздеген бағдарламасын қолдау керек деп өз басым есептеймін.  


Қазақстан Халық партиясын қолдауға шақыру мақсатында автошеру өткізді. Мәжіліс және Мәслихат депутаттығына үміткерлер мен партия мүшелері қаланың орталық көшелері арқылы жүріп, Исатай-Махамбет алаңына барып тәу етті. Айта кетейік, бүгінде аймақта бұл партияның 16 мың мүшесі бар. Оның 60 пайызы – жастар.

Ә. Өмірзақ