Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыда «Отбасыны қорғайық» атты тұрғындарды қабылдау апталығы басталды

AstanaTV
14.09.2017ж. 20:00
2180
Алматыда «Отбасыны қорғайық» атты тұрғындарды қабылдау апталығы басталды

Алматыда «Отбасыны қорғайық» атты тұрғындарды қабылдау шарасы басталды. Бір аптаға созылатын ашық есік күні аясында Алатау ауданының тұрғындары түрлі мәселелерге қатысты тегін кеңес ала алады.

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалына 436 өтініш келіп түскен.  Оның 53-і толық шешілсе, 170-ке жуығы заңгерлер тарапынан тұщымды жауап алды. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары берген ақпарға сай, әсіресе заңгер мен психологтың қабылдауына келушілер көп. Оларды баспана кезегі мен тұрақты тіркеуге тұру, жұмысқа орналасу сынды мәселелер қызықтырады. Александр Теслин жарақатына байланысты жұмысынан айырылыпты. Заңды түрде қолына құжаты тимегенімен, басшылық не хабарласпайды, не еңбекақы бермейді, - дейді ол. Пәтер кезегіне тұрудың да машақаты жетіп артылады.

Александр Теслин, қала тұрғыны:

Жарақат алуыма байланысты жұмыссыз қалдым.  Еңбек инспекциясына арызданған ем, тұщымды жауап болмады. Бүгін, «Нұр Отан» партиясының қабылдауына келдім. Заңгер де, партия мамандары да барынша көмектесеміз деді. Арыз шағымыңды жазып, сотқа беру қажеттігін айтты.

Мұханқали Алмасаев, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қоғамдағы болып жатқан жағдайға тұрғындардың, азаматтардың шешілмеген сұрақтарын, әр түрлі мемлекеттік мекемелердегі сауалдарға толығымен қанағаттанарлықтай қылып заңгер тарапынан жауапты беру. Жалпы бағытын көрсету.