Елдегі Мемлекеттік сатып алу жүйесінен тағы олқылықтар табылды. Қаржы министрлігі, жалпы құны бір триллион теңгеден асатын заң бұзушылық анықтаған. Бұл әр оныншы сатып алуда шикілік бар дегенді білдіреді. Мамандар барлығы 1,5 млн сатып алу шарттарын тексерген. Негізгі заң бұзушылық бағалардан шығып отыр. Шарт құны әр дерек көзінде әр-түрлі көрсетілген екен. Қателіктердің дені мемлекеттік мекемелерден кеткен. Нәтижесінде 700-ден астам шенеунік әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы құны алты миллиард теңгені құрайтын 172 қылмыстық іс тіркелді.
Алмас КАУКИТАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Барлығы 13 мың ескертпе берілді. Олардың дені хабарланыру енді ілінген кезінде анықталған байқау процедураларына байланысты. Осының арқасында негізсіз талаптардың алдын алдық және басқа да заң бұзушылықтарды жойдық.
Д. Мұхаммедкәрім