Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

20:00 Сайлау учаскелері жабылды

AstanaTV
10.01.2021ж. 20:00
3045
20:00 Сайлау учаскелері жабылды

Ел аумағында дауыс беру тоқтатылды. Сайлау учаскелерінің басым бөлігі жабылды. Астана телеарнасының тілшісі Әлішер Өмірзақ бүгін бас қаладағы сайлау учаскесінен хабар таратты. Қазір де соңғы деректермімен бөліспекші. Әлішер?

13 сағатқа созылған Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі Мәслихат депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті. Яғни Республика бойынша барлық дауыс беру учаскелері жабылды. Мен тұрған №115 сайлау учаскісінде таңғы 7-ден бастап келіп, дауыс берген халық саны аз болмады. Сондай-ақ түске таман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,  Мәдениет және спорт Министрі Ақтоты Раймқұлова да келіп дауыс берген еді. Және бірнеше партия төрағалары да болды. Жалпы 350-ден астам дауыс береді деп жоспарланған, соның басым бөлігі келді дейді комиссия мүшесі.

Эльвира АБУШАРИПОВА, №115 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
 
Белсенділік көбіне түстен кейін байқалды. Және біздің учаскіде үйден дауыс беретіндер болды. Біздің комиссия мүшелері барлық сақтық шараларын сақтай отырып олардың дауысын алып келді.

Ал дауыс беру процесінің әділ өтуін қадағалаған бақылаушылар бұл учаскіде ешқандай құқық бұзушылық болмағанын алға тартып отыр.

Урс УНКАУФ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫ, ГЕРМАНИЯ:


Дауыс беру барысында қандай да бір ереже бұзушылық немесе сайлаушыға қысым көрсетіліп жатқанын байқамадым. Әр тұрғын емін-еркін келіп, өз даусын берді. Келушілердің саны аз болмады, бұл дегеніміз партиялардың жақсы үгіт-насихат науқанын жүргізгенін байқатады. Барлығы ашық болды, сондықтан әділ деуге негіз бар.

Сайлау учаскелері жабылғанымен мұндағы жұмыс қыза түспек. Өйткені қай партия қанша дауыс жинағанын есептеу басталады. Кім неше пайыз жинағаны туралы алғашқы ақпаратты ексит пол алдағы уақыттарда жариялайтын болады.

Ә. Өмірзақ