Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжіліс және Мәслихат сайлауы аяқталды

AstanaTV
10.01.2021ж. 20:00
2599
Мәжіліс және Мәслихат сайлауы аяқталды

Мәжіліс және мәслихат депуттарын сайлау, яғни дауыс бері науқаны аяқталды. Еліміздің басым аймағында дәл қазір сайлау учаскелері жабылды. Енді дауыстарды санау жұмыстары жүріп жатыр. Орталық сайлау комиссиясында осыған қатысты арнайы брифинг өтуде. Орталықтан әріптесім Айя Мүтәліні жаңа деректерімен бөлісуге дайын тұр екен.  Айя!  

Иә, Әмина! Дауыс беру науқаны жаңа ғана аяқталды. Ел аумағындағы 9 мыңға жуық
сайлау учаскелері жабылды.

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, күні бойына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарының белсенділігі байқалды. Ал, Алматылықтар сайлау учаскелеріне келу бойынша ең төменгі көрсеткіш көрсетті. Айта кету керек, дәл қазір сайлау учаскелер енді дауыс санау процесі басталды. Бюллютендерді санау барысы да шетелдік жəне жергілікті байқаушылардың назарынан тыс қалмайды. Барлығы қадағаланып отыр. Ал оның нәтижесін сіз бен біз тек бірер сағаттан кейін ғана біле бастаймыз. Ал шетелдегі сайлаушыларға келер болсақ, әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан сайлау учаскілерінен 4 мыңнан астам қазақстандық дауыс беріп үлгерген екен. Бұл туралы жаңа ғана Сыртқы істер министірінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлімдеді.

Шахрат НҰРЫШЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлемнің әртүрлі елдері Covid-19 пандемиясына байланысты шекараны жабу, көлік қатынасын тоқтату, коменданттық сағат, локдаун және карантин сияқты шектеу шараларына қарамастан, аталған барлық сайлау учаскелеріне бюллетеньдер және басқа да сайлау атрибуттары уақытылы жеткізілді.

Шахрат Нұрышевтің айтуынша, шет мемлекеттердегі, нақтырақ айтсақ 53 елде 66 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Соның ішінде ең алғаш болып бүгін Жапония мен Кореядпғы сайлау учаскілері жұмысын бастаған болатын. Қазір соның 10-ы өз жұмысын аяқтапты. Ең соңғы болып, таңғы жетіде АҚШ пен Канададағы қазақстандықтар дауыс беруді аяқтайды.

Әзірге сайлау нәтижесін күтеміз. Елдің кемел келешегі айқындалатын саяси науқан, елдің болашағы үшін  жемісті болады деп сенім білдіреміз.


А. Мүтәлі