Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Taza Sailau» бақылаушылары сайлау кезінде қандай заңбұзушылықтар анықталғанын айтты

AstanaTV
11.01.2021ж. 20:00
1690
«Taza Sailau» бақылаушылары сайлау кезінде қандай заңбұзушылықтар анықталғанын айтты

Саяси науқанды бақылаған «Taza Sailau» белсенділері бүгін Алматыда, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауды бақылау қорытындыларын жария етті. Тәуелсіз бақылаушылар ел ішіндегі 25 қаладағы сайлау учаскелерінде қызмет атқарған. Олар бірқатар заңбұзушылықтарды анықтап, құзырлы орган өкілдеріне жолдапты.

Жанна АХМЕТОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Бірнеше блютень алғандарға, тосырқай қарағандар болды. Ол - Мәжіліс сайлауының бюллетені көк түсті болса, аудандық я қалалық мәслихат сайлауыныкі - жасыл, ал облыстық мәслихат сайлауы бюллетені - қызғылт түсті болғанымен байланысты. Біз оны түсіндірдік. Ол туралы әлеуметтік желілерде посттар жарияладық. Тәуелсіз бақылаушыларға алғыс айтқым келеді. Олар кеше ештеңеге қарамастан алдыңғы шепте жүрді. 
   

Айта кетейік, «Taza Sailau» тәуелсіз бақылаушылар ұйымы, осыдан екі ай бұрын құрылды. Кеше 5 мыңға жуық байқаушысы, ел аумағындағы сайлаудың ашық, әрі заңға сай өтуіне бақылады.  

Бигелді ҒАБДУЛЛИН, ПЕН-КЛУБТЫҢ БАСШЫСЫ, «TAZA SAILAU» ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ:

«Таза Сайлау» атты біздің тәуелсіз бақылаушылар тобы өз жұмысын кеше аяқтады. Кеше біздің 5000 тәуелсіз бақылаушылар 25 ең ірі еліміздің қалаларында 3138 учаскілерде жұмыс істеді. Ол үштен тірі деп айтуға болады. Неге десеңіздер біздің елде 10 мың учаскі болды.

Ә. Лесбек