Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қырғыздар жаңа Президентін сайлады

AstanaTV
11.01.2021ж. 20:00
2478
Қырғыздар жаңа Президентін сайлады

Қырғыздар кезекті Президентін сайлады. Осы жолғы сайлауда Садыр Жапаров жеңіске жетті. Ол өзінің 17 саяси қарсыласын артқа қалдырып, 70 пайыздан астам дауыс жинаған. Осылайша Садыр Жапаров, ресми түрде қырғыздың 5-ші Президенті болып сайланды. Шетелдік алғашқы іс-сапарын ол көрші Қазақ елінен бастайтынын айтты.

Қазан төңкерісінен кейін билікке келген Садыр Жапаровтың жеңіске жететініне ешкім күмән келтірмеген. Өзге, 17 кандидат түрлі сын айтты. Садыр Жапаровтың сайлауға Заңсыз түскенін де бетіне басты. Алайда, ол бәрібір жеңіске жетті. Сайлаудың жаңа үлгісі, "электронды жәшіктер" арқасында санақ нәтижесі сол күн жарияланды. Алдын ала санақ - Садыр Жапаровтың 72 пайыз дауыс жинағанын көрсетті.

Садыр ЖАПАРОВ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПРЕЗИДЕНТІ:


Көпшілігіңіз мені қолдап менің талапкерлігімді қолдағандарыңыз үшін, терең разылық білдіремін. Сіздердің көпшіліктеріңіздің маған берген дауыстарыңыз маған дем-күш берді. Жеңісімді ақтауға барлық күш-жігерімді жұмсаймын.

Қырғыз елінде Президент сайлауымен бірге референдум қатар жүрген. Халық Мемлекеттік басқару жүйесін таңдауы керек болды. Ұсыныс екеу. Парламенттік Республика жолында қалу немесе Президенттік басқаруға көшу. Соңғысын Садыр Жапаровтың жақтастары қолдайды.

Дүйсен КҮЛЕТОВ, БІШКЕК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мен 73-ке келдім. Мұндай үгіт-насихатты бірінші рет көріп отырмын. Мен негізі осы Президентті қолдаймын және оған үлкен үміт артамын.

Руслан, БІШКЕК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Референдум бойынша Парламенттік басқаруды қолдаймын. Парламенттік билік жастарды көп тартады. Ал, жастар ел болашағы.

Қырғыздар бұдан кейін наурыз айында тағы бір референдум өткізеді. Ол кезде халық конституциялық өзгерісті дауысқа шығармақ. Ал, осы жолғы сайлау Садыр Жапаровтың қанжығасын майлады. Ол, лауазымына бел-шеше кіріскендей. Садыр Жапаровты алыс-жақын көршілері құттықтап та үлгерді. Бүгін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлесті. Ақорданың хабарлауынша, Қазақ басшысы қырғыз әріптесін жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы қарым қатынас жақындай түседі, деген сенім білдірген. Ал, Садыр Жапаров болса қазақ халқына алғысын білдіріп, алғашқы мемлекеттік іс-сапарын бауырлас Қазақ елінен бастайтынын айтқан.

Д. Мұхаммедкәрім