Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Д.Трамп Колумбия штатында төтенше жағдай тәртібін жариялады

AstanaTV
12.01.2021ж. 20:00
1615
Д.Трамп Колумбия штатында төтенше жағдай тәртібін жариялады

АҚШ Президенті Дональд Трамп, Колумбия штатында төтенше жағдай тәртібін енгізді. Оны ол жаңадан сайланған Президент Джо Байденнің инаугурациясына бола жариялағанын айтқан. Бұған дейін: "кетпеймін" деп жер тепкілеп отырып алған Трамп, неге мұндай мәрттікке барды? Әлде ол тағы бірдеңе ойлады ма?

Туйттер мен Трамп "соғысы" - АҚШ жамағатын екіге жарды. Ойын әлеуметтік желі арқылы жеткізіп үйренген Трамптың "банға" ұшырауы - республикалықтар мен демократтар арасын одан сайын ашты. Бірі, "обал жоққа" меңзесе, екінші жақ "демократиялық құндылықтар қайда қалды?", дегенді айтады.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:


Twitter - сөз бостандығын пысқырмайды. Олар, тек радикалды көзқарасты ұстанғандардың сөзін өткізеді. Әлемдегі ең қатыгез адамның сөйлеуіне рұқсат береді.


Трамп бұл жерде Иран Аятолласын айтып отыр. Туйттер басқаны емес Трампты бұғаттады. Оны әлеуметтік желі басшылығы былай түсіндірді.

Айтса айтқандай, Капитолийдегі бей-берекет қазіргі басшының жеңілісін мойындамаған хабарламасынан кейін болған. Оны ол жартылай мойындап та қойды. Тақырбас-әсіре ұлтшылдар жиналып АҚШ Парламентін басып алмақ болды. Алайда оларды полиция қуып шығып, Трамп жақтастары дегендеріне жете алмады.

Шерман УИЛЬГЕЛЬМ, САРАПШЫ:

Менімше Президенттің заңды белшесінен басқаны анық көрініп тұр. Ол, он күн өтсе де елді дүрліктіріп бүлікке шақырды. Менімше кім болса да ол заң алдында жауап беруі керек.


Ретт ДЖОНСОН, ЗАҢГЕР:

Трамтың қайта сайлауға түсуіне тиым салу қажет. Менімше біз оны бұл қызметке лайықсыз, деп тануымыз керек.


Трамп, сайлаудағы жеңілісін мойындамай жер тепкілеп отырып алды. Ақ үйден шықпайтынын жазып елін талай дүрліктірген еді. Ақыры, жеңілісін мойындаған сияқты. Енді ол, Байденге жаны ашыған болып, инаугурация алдында Колумбия штатында төтенше жағдай тәртібі жарияланатынын айтты.

Қалай болғанымен Дональд Трамп, "тақты" босататынын айтып отыр. Бірақ өзі, ұлықтау рәсіміне бармайтынын алдын ала ескертіп қойды. Ал, Джо Байденнің инаугурациясы қаңтардың 20-на белгіленген.

Д. Мұхаммедкәрім