Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысын ала алмай жүр

AstanaTV
12.01.2021ж. 20:00
2327
Алматыда жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысын ала алмай жүр

Алматы – Өскемен күре жолын салған жұмысшылардың жалақысыз жүргеніне жарты жыл болды. Мердігер компания түрлі сылтау айтып, еңбекақы төлемін созып жүрген көрінеді. Жалдамалы жүк көліктері мен жұмысшылардың алдында кәсіпорын 25 миллион теңге қарыз болып қалыпты. Тараптарды Аршын Кемелжан тыңдап қайтты.

Мердігер компания, еңбекақы төлемін бүгінге дейін созыпты. Алайда, жалақысын жарты жыл жырлаған жұмысшылар кәсіпорын басшысынан бүгін мүлдем басқа сөз естіді. "Ешкімді танымаймын, қарызым жоқ", деді кәсіпкер.

Ал жұмысшылардың айтуынша, мердігер 12 адамды жүк көлігімен өткен жылы сәуір айында жалдаған көрінеді. Қыркүйекке дейін олар, "Алматы – Өскемен" күре жолында жұмыс істеген. Жұмыс аяқталғанымен жалақы төленбепті. Мердігердің қарызы 25 миллион теңге екен.

Дәулет АХМАДИЕВ, ЖҰМЫСШЫ:

Әр Камаздың сағатына байланысты, ол жақта бухгалтер болды. Кім қай уақытта шықты, рейстерге шейін жазылған. Кім қанша рейс жасады, бухгалтер қол қойып, есептегеннің өзінде 2,5 млн. шығып отырған ақшаны соны төрт ай болды ала алмай жүрміз.


Айдос БАЙБОСЫНОВ, ЖҰМЫСШЫСЫ:

2 шақырым жол салдық сол жерде асфальт, міне бір қабат кетеді міне ақша төлейміз, екінші қабат кетеді енді ақша төлейміз, деді. Жарайды, сеніп жүре бердік. Алты ай қызмет етіп сол жерде өз көліктерімізбен. Маған 2,7 млн. теңге қарыз.  Жалпы 25 миллион қарыз.

Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы болса жұмысшылардың сөзін растап отыр. Мердігер 40 адамға қарыз көрінеді. Ол аздай, компания алған міндетін толық атқармай басқа мердігерге 280 млн теңге қарыз болып қалыпты.

Ұлан ӘЛІПОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл компания 40 адамға төрт айға айлық төлемеген. 20 миллион теңге қарызы бар екен. Осы аптаның аяғына дейін қарызды төлейміз, деп уәде берді. Біз қадағалауға аламыз. Айлықтың қарызын төлетеміз, бұдан әрі осындай жағдай қайталанбауы туралы ескерту жасадық.


Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:

Ал, жұмысшылар болса мердігердің уәдесіне сенбейді. "Құрғақ сөзге тойдық", дейді олар. Дегенмен жұмысшылар жалақыны қаңтардың 16-на дейін күтуге дайын. Уәде осы жолы орындалмаса онда олар құзырлы органдарға арыз жазбақ.


А. Кемелжан