«Nur Otan» партиясының мәслихаттардағы құрамы 65 пайызға жаңарды. Партияға 2 701 мандат бұйырған. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, өзінің Фэйсбуктегі парақшасында хабарлады. Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарған, бүгінде орташа жас 45 жасты құрайды. Әйелдер үлесі 2015-ші жылмен салыстырғанда 11, ал жастардың үлесі 16 пайызға артыпты. Осылайша, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық деңгейдегі маслихаттарда әйелдер мен жастардың үлес санын арттыру жөніндегі тапсырмасы толық орындалды, деді.
Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
423 депутат – партияға жаңадан кірген, праймериз аясындағы әлеуметтік лифтіні пайдалана отырып, партияішілік іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары. Елбасы атап өткендей, «Nur Otan» партиясынан депутат болу – артықшылық емес, үлкен жауапкершілік. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Тек бірлесіп қана біз барлық қиындықтарды еңсеріп, көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз!
Ә. Өмірзақ