Ақтөбе облысының Алтынды ауылындағы балалар қашықтан білім алуға мәжбүр. Өйткені оқушылар мектепке сыймайды. Аймақтағы әріптесім жағдайды білмек болып, Мұғалжар ауданындағы шалғай ауылға барып қайтты. Елді-мекендегі 127 оқушының, бірінші және екінші сыныптар ғана тар бөлмелерде оқып жатқанын көріп келді. қалғандары ондайн оқуға босатылғанымен, ауылда интернет жоқ.
Бұл - Алтынды ауылының мектебі. Аядай ғана білім ошағы. Бар-жоғы төрт бөлме. Осында ауылдағы оқушылар екі жылдан бері білім алып келген. Өйткені 11 жылдық мектеп өткен жылы апатты жағдайда деп танылып, жабылып қалған.
Марат ҚОРАЗБАЕВ, АЛТЫНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мына көріп тұрсыңдар школдың өзі мынау үй ғой. Менің үйімнен де кішкентай. Менің үйім үлкен бұдан. Школға менің үйімді алыңдар одан да адамды мазақ қылады. Осы жерде екі үлкен компания бар. Біреуі мыс компаниясы Қазақмыс, біреуі Алтын-икс ия жолды ия мектеп жоқ.
Ауылда 140-тан астам түтін бар. Тұрғындардың айтуынша барлығы қашықтықтан оқуда. Бірақ интернетке қосылмаған. Осылай деген ата-аналар биылғы оқу жылы балаларға білім бермеді деп отыр.
Нағима ҮМБЕТОВА, АЛТЫНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Әкім қарастыру керек қой. Кеше ғана вайфай он есеге күшейтті деді. Ешқандай өзгеріс жоқ. Оданда нашарлап кетті. Айтындаршы. Онлайн дейді балдар деген вообще аудиозапись не загружается даже. Не то что. Мұғалімдер орыс тілінің мұғалімі вообще орысша сөйлеу білмейді. Бастауын нулевой класс.
Мектеп басшылығыда ауылда білім алу процессінің қиындап кеткенін мойындап отыр. Арнайы сабақтарға кабинет жоқ деді. Дене тәрбиесі пәні тек жаз айларында ғана далада өтеді екен.
Әсет ЕСЕНБЕКОВ, АЛТЫНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Санитарлық нормаға сәйкес қабылдауға мүмкіндік болмай тұр. 1,2 сынып ғана оқып жүр. Кезекші класта. Қалғандары қашықтықтан себеп мектеп тар. Санитарлық нормаға келмейді. Қиын әрине. Ұстаздарға да қиын. Толық білім беру, тәрбие беру мүмкіндігі жоқ қазіргі таңда.
Мәселені жергілікті шенеуніктер жақсы біледі. Әзірге тек жобалау құжаттарын дайындаған.
Ғалым ҚОБЛАНДИН, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі күні бізде осы мектеп құрылысына байланысты жобалау сметалық құжатымыз дайын. Облыстық экономика басқармасына біз құжаттарда беріп қойдық. Республикадан, облыстан қолдау тауып жатса мектеп құрылысын биыл бастап кетеміз.
Қаражат болса, 60 орындық мектеп салуды жоспарлап отыр. Бірақ мәселе қашан шешілетінін өздері де білмейді.
Б. Рахметова